телеметрия деп аталады. Ол өткізгіш сымдар не радио арқылы жүргізіледі.
Радиотолқындардың көмегімен жүрек, тыныс алу қызметінің күйі т.т. жайында физиологиялық мәліметтер алу әдісі радиотелеметриядеп аталады. Ол космостық зерттеулерде, спорттық медицинада кең қолданылады. Радиотелеметрия асқазан- ішек жолын эндорадиозондтауда да қолданылады.
Медициналық практикада дененің және оның бөліктерінің температурасын анықтау үшін жартылай өткізгішті датчиктер (термистор) қолданылады. Жартылай өткізгішті құралдардың басқалар алдында артықшылығы бар, өйткені оларды өте кішкентай қылып жасауға болады және оларға қажетті энергия лампалы электронды қондырғылардың пайдаланатын энергиясынан әлдеқайда аз болады.
Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігіне негізделген термометр кедергілі электротермометр деп аталады. Термисторлер түрлі заттардан жасалады. Олар шарик пішінді не кішкене өлшемді пластина түрінде жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |