Құсбегінің бұл сөзі өзін қанша жұбатқанын кім білсін, бірақ Абай мен Жиреншені иландыра алған жоқ, үйткені Жиренше бүгін бұларды мықтап жеңіп, табалап тұр (М.Әуезов).
Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Меніңше, боз жаңбырдың бүріккені масақтың бойына сіңе қоятындай болған жоқ (А.Сейдімбеков).
Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Белан бұлардың солдат екенін бірден білді және өзін көріп қалды деп ұқты, өйткені солдаттардан өзге жеті түнде атқа мініп жүретін жанның реті жоқ, көрші деревнядан келе қоятын да ешкім жоқ (Х.Есенжанов).
4. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Сан рет скрипканы өзі тартып өткеннен кейін, бір кезде Әбіш өз скрипкасын Мұқаға ұсынды.
(М.Әуезов).
5. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Бұл жігіттерді енді бөгей алмасын сезініп, Омар да ас үйге қарай кетті (Ғ.Мүсірепов).
6. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Қарала сырмақтың иесін де білем, ақ киіздің, бәтес көйлектің қайдан шыққанын да білем (Аймауытов).
7. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай).
8. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Зеңбірік снарядтары суға үсті-үстіне түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната бастады (Мүсірепов).
9. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Ызғырық суық сұр бұлт аспанды тегіс қаптаған (Майлин).
10. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Мен келем қара бұлтпен
Келе жаумай ашылман (Махамбет).
12. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Қарағым, Кенжеқара екі шешең сені жайдан-жай қарауылдап жүрген жоқ (Ғ.Мүсірепов). Қысқасы бәрін де жоқтан жасау керек (Ө.Күмісбаев).
13. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Қысқасы, бәрін де жоқтан жасау керек (Ө.Күмісбаев).
14. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Алақанынан бір ыстық леп тыз етіп Рысқұловтың алақанына өтіп, оның өн бойын шарпып өткендей болды. (Ш.Мұртазаев).
15. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Ол өгей де болса, бұл оны өз шешесінен кем көрмеуші еді. (Ш.Мұртазаев).
16. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Ғазизаның ағам өлсе, күнім не болады деп, күндіз-түні бірдей тыным алмай, құдайға құпия сыбырлап, оңаша жерлерде тыста жүріп өксіп-өксіп жылағаны, кемпір əжесінің мойнына бұршағын салып, ата-бабасының аруағына жалбарынғаны себеп болмай, екеуі де өлген. (М.Әуезов).
(М.Әуезов).
16. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Ата-анасы зарыққанда кѳрген баласы екенін де ойлап, не себепті жаман күйеуге
бергеніне қайран қалып жүрді. (М.Дулатұлы)
17. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Үрейлі ауылды торып, екі ат жетелеп, ойқастап, құлағын түріп, түсі
жаман, ойы қараңғы бір адам жүр.(Ж.Аймауытов)
18. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Үйіне жақындап қалған Еламанды көрді де, қолындағы сығымдап ұстаған шотты лақтырып жіберді.(Ә.Нұрпейісов)
19. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Отырарда өліммен ұшырасып, ұлын берген сағаттан бастап, отыз жыл бойы Темір бір рет езу тартқан емес-ті… (Ғ.Мүсірепов)
20. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Домалақ арыз ағылады-ай келіп, арызды оқып жатқан ұлық болмаса да, қайран қазекең арыз жазып қалуды парыз санайды. (Б.Момышұлы)
21. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
. Екі жағында жебеге толған екі-үш қорамса, белдерінде қисық жүзді қылыш пен ұзын сапты айбалта, қамал бұзатын тас атқыштарды сүйреу үшін ер қасына байлап алған жуандығы білектей қыл арқан. (І.Есенберлин)
22. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Жайшылықта қастарымен татуласу үшін қыз алып, қыз беруге оңай баратын Шыңғыс тұқымы, бұл жолы қасара қалады. (І.Есенберлин)
23. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Көкбестінің арқасындағы тепсе темір үзетін төртбақ жігіт қана салмақ болып келе жатқан жоқ- тын; көкбестінің беліңде әрқайсысы елу килограмм тартар екі сүйретпе бал бар еді. (О.Бөкей)
24. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Өзі де сол аттың бауырына түсе еңкейген қалпымен, алақанымен көсіп- көсіп уысына ілінген суды ұрттап шөлін қандырған. (О.Бөкей)
25. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан түлкі берік, өзі сұлу адамды мүлде одан жаман жандандырып, құбылдырып тұрды. (Б.Майлин)
26. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Біртіндеп жақындаған сайын асыр салып ойнаған балалардың, әзілдесіп ойнап күлген қыз-қатындардың дауыстары айқындала береді. (Б.Майлин)
27. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Оның қанжығасы қанды екенін білетін жұрт, аң мен құсқа мылтықпен шықсын, қайырған құсымен шықсын қасына топталып ереді екен. (С.Мұқанов)
28. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Сұр есекке екі аяқ арбаны доғасыз жегіп, қыбырлай қалғып бара жатқан біреу, шошып ояна сала тыпыр-тыпыр етеді: есек саспаса да, ұзын құлағын одырайта бір қарады.(Ғ.Мұстафин)
29. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Күн батысқа қарай жер астын кеулеп кеткен бір қуыс жатыр: биіктігі кісі бойы,
ұзындығына көз жетпейді, қабырғалары көмір —бөлешке шамның жарығымен шағылысып, жылт-жылт етеді.(Ғ.Мұстафин)
30. Сатылай кешенді талдау жасаңыз:
Бертін уақыттарда үлгілі жерлерді аралап, тәртіп, дүние танығысы келсе де, қартайған әкесін қимай, өзі жалғыз болған соң қайтерін білмей қарайлап жүрген жайы бар еді. (С.Торайғыров)