- Білімділік: өтілген материалдармен сабақты байланыстыру арқылы оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы мағлұмат бере отырып, олардың түрлеріне тоқталу;
- Дамытушылық: тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу, ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;
- Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеуге баулу. Тілдегі асыл сөздердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерді ұялату.
- Оқушылармен амандасу, түгендеу
- 2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
- Психологиялық дайындық
- Баба тілін қадірле,
- Болашақтан түңілме!
- Айналайын, балалар,
- Аралас тілге үңілме!
- (Қожаберген жырау)
- ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, бекіту
- 1. Біз қай саланы оқып жатырмыз?
- 2. Фонетика саласы нені зерттейді?
- 3.Дыбыс деген не, әріп деген не?
- 4. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- 6. Қазақ тілінің төл дыбыстары?
- 8. Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?
- 10. Дауысты дыбыс деген не?
- 9. Дауысты дыбыстарды ата
- 11. Жуан, жіңішке дыбыстар ненің қатысына қарай бөлінеді?
- 7. Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
- 12. Еріндік, езулік дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?
- Семантикалық карта (дұрыс жауабы)
- «Жасырынған әріптер» ойыны
- Әліпбидегі әріптердің ретін жатқа білуі арқылы оқушылар
- жаңа сабақтың тақырыбын табады
- б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң,
- п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у) (25 дыбыс)
- п, ф, к, қ, т,
- с, ш, щ, х, ц, ч
Дыбыстардың жеті атасы - Фонетика саласы
- Қатаң
- Қазақ тілі ғылымы
- Дыбыс
- Үнді
- Дауыссыз
- Ұяң
- Қазақ тілі ғылымы → фонетика
- саласы → дыбыс → дауыссыз →
- қатаң → ұяң → үнді
- Ү. «Кітап – досың, ақылшың» (Оқулықпен жұмыс)
- 262-жаттығу. Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.
- І Қатар. П - б: ...айдасыз, ...аласыз, ...алың, са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ;
- Т - д: ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс, ...алап, ...әрі, ...аналық;
- ІІ қатар.К - г: ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу;
- Қ - ғ: қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ба...ыр, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...;
- ІІІ қатар. С - з: а...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...;
- Ш - ж: ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ... аттық, ...алтылда.
- 267-жаттығу. Мына сияқты сөйлемдер құрастырыңдар.
- Үлгі: Таудың табиғаты тамаша.
- Талғат, Таңат, Тұрарбек, Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап, таңқурай терді.
- Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар.
- Мысалы: Көйлек-кеме-емен-наурыз-зат-тас-сыпырғыш-шар-ракета-айна...
ҮІ. «Ой қорытайық» (Жаңа сабақты бекіту) Венн диаграммасы - ның элементі
- ретінде және табиғи ресурс.
| | | - Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамайды, тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай бөлінеді. Үннен тұрады. Буын құрайды.
| - Фонетика саласында қарастырылады. Дыбыстау мүшелері арқылы жасалады.
| - Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығады. Қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді. Салдыр мен үннен тұрады.
| ҮІІ. Рефлексия. “Білім ағашы” Жасыл алма – маған сабақ ұнады, тақырыпты меңгердім. Сары алма – тақырыпты түсіндім, жаттығу орындағанда, талдауда қиналамын. Қызыл алма– сабақ маған түсініксіз. - ҮІІІ. «Қол боста» (Үйге тапсырма)
- ІХ. Оқушылардың білімін бағалау.
- Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушылар былай бағалананады:
Достарыңызбен бөлісу: |