Дауыссыздардың жуандауыорыс.твёрдость согласных — көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өн, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.
Дауыссыздардың жіңішкеруіорыс.мягкость согласных — тілдің орта шені таңдайдын орта шеніне нық тиіп, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы жасалып, әрдайым жіңішке айтылатын дауыссыздар: к, г. Орыс сөздерінде кездесетін ч, щ дыбыстарының да жуан сыңары жоқ, ал қалған дауыссыздар буын ыңғайына қарай жуан, жіңішке болып айтыла береді. Мысалы: қазақ тілінде am — em, үн — үн, тор — тер, аз — әз.
Дауыссыздарды үш үлкен топқа бөледі:
Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3