Дауыссыздыбыстардауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;
Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.
Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, періндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады. Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз). Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.[3]