Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы



Дата31.01.2018
өлшемі68,87 Kb.
#37225
Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы

Тақырыбы:

Менің мектебім



Мектеп: 41 көпсалалы гимназия

Күні: 27.11. 2017ж

Мұғалімнің аты- жөні: Даулетиярова Зауре Ермаханқызы


Сынып: 2

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру.

2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде өз ойын айту.

2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, тақпақ, жұмбақ, әңгіме) ажырату.


Жетістік критерийі:


Барлық оқушылар:

Оқушының жетістігі қазақша өзінің мектебі жайлы айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде мектебін сипаттайды, сыныптастарымен тілдесімге түседі.



Кейбір оқушылар:

Тақырып аясында қарапайым үлгілер арқылы сұхбат құра алады.



Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері:

Жоспарланған жұмыс:

Ресурстар:

Сабақтың басы

(2 – 5 минут)

Оқушыларға писхологиялық ахуал туғызу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушылар «шаттық шеңбер» арқылы бір - біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.






Өткен сабақты тексеру

1.Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау.

2.Өткен сабақта өткен тақырып қайталанады. Кемшіліктерді анықтаймын, түзетемін және бағалаймын.







Сабақтың ортасы

(6 – 40 минут)



Сабақтың тақырыбын ашу. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру. Оқушыларды топқа бөлу. 1 – 2 – 3 топ.

«Кім жылдам» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуына және жылдамдыққа баулу.

Ойынның шарты: мектепке бару үшін берілген оқу құралдарының атауын қатесіз жазып сөмкеге салу.
Үш топ өздерінің мектептері туралы не білетіндерін әңгімелейді.

Жаңа сөздермен және суретпен жұмыс


Жаңа сөздерді пайдаланып үш топ өздерінің мектептері туралы не білетіндерін әңгімелейді.
Тыңдалым:

Мектеп

Бұл – Ажар. Ажар екінші сыныпта оқиды. Бұл - Ажардың мектебі. Ажардың мектебі үлкен, әдемі, биік және таза.

Мектепте сыныптар, кітапхана, асхана, спортзал бар. Асхана бірінші қабатта. Кітапхана екінші қабатта. Ажар мектепке достарымен келеді.

Әр топ тыңдаған тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді


Критерий:

Дискриптор:

-берілген мәтінді түсініп тыңдайды;

-сұрақтардың мағынасын түсінеді:

-берілген сұрақтарды түсініп жауап береді;

-тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;


Тыңдалым тапсырмалары бойынша берілген суретті рет – ретімен орналастыр.

Критерий

Дискриптор

-тыңдаған мәтінді есте сақтау арқылы, суреттерді ретімен орналастыра алады;

-тыңдаған мәтін бойынша суреттерді ретімен орналастырады;


Айтылым

Оқушыларға мектепке қатысты сөздер айтуға еркіндік беріледі. Осыдан кейін мектепте кездесетін жабдықтар яғни суреттер таратылып беріледі. Мысалы: орындық, үстел, тақта, терезе, мектеп, асхана, кітапхана, спортзал. Оқушылар суреттің атауын атап буынға бөліп айтады және сол сөзге сөйлем құрайды.

1– топ (асхана, сынып, терезе)

2 – топ (спортзал, орындық, үстел)



3 – топ (тақта, мектеп, кітапхана)


Критерий

Дискриптор

-мектепке қатысты құрал жабдықтарды айтады;

-мектепке қатысты құрал жабдықтарды айта алады;

-берілген суреттердің қазақша атауын біледі, сөйлем құрайды;

-берілген суреттердің қазақша атауын айта алады, сөйлем құрай алады;

Оқылым


Сабақты қорыту: Оқу құралдарына байланысты жұмбақ шешу. Шешуін жылдам әрі дұрыс тапқан оқушы медальмен марапатталады.

Жұмбақтар

Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.    (Сызғыш)
Оқушыға күнде ерiп,

Жүретiн не?     (Күнделiк)


Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта)


Төрт қырлы, өзi аппақ,

Тақтадағы iзi аппақ.    (Бор)


Қабат - қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтiн,

Ол қазына өлмейтiн.     (Кiтап)


Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.     (Мектеп)


Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)


Сабақты болашақта өздерінің мектептерінің қандай болғанын қалайды сурет салады, салған суреттерін әр топ қорғайды.



Оқу құралдарының суреттері

Интербелсенді тақта, қима қағаздар


Аудио 1


Қима – қағаздар, карточкалар, суреттер

Аудио



Сабақтың соңы

(41 – 45 минут)


Кері байланыс:

  1. Нені білдіңдер?

  2. Қандай тапсырмалар қызық, әрі жеңіл болды?

  3. Қандай тапсырмалар қиын болды?


Үйге тапсырма: үш тапсырманың біреуін таңдап орындау.

    1. Мектеп туралы бір шумақ тақпақ жаттау

    2. «Менің мектебім» тақырыбында шығын әңгіме жазу.

    3. Диалог құрау




Қосымша ақпарат

Қорытындылау




1. Сабақ барысында өзгертулер еңгіздіңіз бе?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?



1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет