Сабақтың ортасы
(6 – 40 минут)
|
Сабақтың тақырыбын ашу. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру. Оқушыларды топқа бөлу. 1 – 2 – 3 топ.
«Кім жылдам» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуына және жылдамдыққа баулу.
Ойынның шарты: мектепке бару үшін берілген оқу құралдарының атауын қатесіз жазып сөмкеге салу.
Үш топ өздерінің мектептері туралы не білетіндерін әңгімелейді.
Жаңа сөздермен және суретпен жұмыс
Жаңа сөздерді пайдаланып үш топ өздерінің мектептері туралы не білетіндерін әңгімелейді.
Тыңдалым:
Мектеп
Бұл – Ажар. Ажар екінші сыныпта оқиды. Бұл - Ажардың мектебі. Ажардың мектебі үлкен, әдемі, биік және таза.
Мектепте сыныптар, кітапхана, асхана, спортзал бар. Асхана бірінші қабатта. Кітапхана екінші қабатта. Ажар мектепке достарымен келеді.
Әр топ тыңдаған тапсырмадағы сұрақтарға жауап береді
Критерий:
|
Дискриптор:
|
-берілген мәтінді түсініп тыңдайды;
|
-сұрақтардың мағынасын түсінеді:
|
-берілген сұрақтарды түсініп жауап береді;
|
-тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;
|
Тыңдалым тапсырмалары бойынша берілген суретті рет – ретімен орналастыр.
Критерий
|
Дискриптор
|
-тыңдаған мәтінді есте сақтау арқылы, суреттерді ретімен орналастыра алады;
|
-тыңдаған мәтін бойынша суреттерді ретімен орналастырады;
|
Айтылым
Оқушыларға мектепке қатысты сөздер айтуға еркіндік беріледі. Осыдан кейін мектепте кездесетін жабдықтар яғни суреттер таратылып беріледі. Мысалы: орындық, үстел, тақта, терезе, мектеп, асхана, кітапхана, спортзал. Оқушылар суреттің атауын атап буынға бөліп айтады және сол сөзге сөйлем құрайды.
1– топ (асхана, сынып, терезе)
2 – топ (спортзал, орындық, үстел)
3 – топ (тақта, мектеп, кітапхана)
Критерий
|
Дискриптор
|
-мектепке қатысты құрал жабдықтарды айтады;
|
-мектепке қатысты құрал жабдықтарды айта алады;
|
-берілген суреттердің қазақша атауын біледі, сөйлем құрайды;
|
-берілген суреттердің қазақша атауын айта алады, сөйлем құрай алады;
|
Оқылым
Сабақты қорыту: Оқу құралдарына байланысты жұмбақ шешу. Шешуін жылдам әрі дұрыс тапқан оқушы медальмен марапатталады.
Жұмбақтар
Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)
Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не? (Күнделiк)
Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп. (Тақта)
Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ. (Бор)
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн. (Кiтап)
Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (Қоңырау)
Сабақты болашақта өздерінің мектептерінің қандай болғанын қалайды сурет салады, салған суреттерін әр топ қорғайды.
|
Оқу құралдарының суреттері
Интербелсенді тақта, қима қағаздар
Аудио 1
Қима – қағаздар, карточкалар, суреттер
Аудио
|