Сыныбы: 9-10
Дебат «Ақысыз сапалы білім алу мүмкін емес» ой-бөліс сайыс сағаты
Мақсаты:Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
-Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
-Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
-Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
-Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
-« Ақысыз сапалы білім алу мүмкін емес» тақырыбында ой қозғату;
-Еліміздегі білім мәселесіне назар аударту;
Түрі: Дебат (пікірсайыс)
Әдісі: Сұрақ-жауап,ситуация туғызу ,нақты дәлелдер келтіру.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты бейне материал
Өту барысы:
Президент ең алдымен сапалы білімді қолжетімді етуді қолға алу қажеттігін атап кетті. Шынында да, қоғам дамуының басты факторы сапалы білімді меңгерген білікті мамандар екені сөзсіз. Бұл бағытта елімізде білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды жастарға барынша қолдау көрсетіп, әлеуетін пайдалану көздерін қарастыру керек. Әсіресе ауыл жастары арасындағы таланттарға сапалы білім алу беру тетігін айқындау, оны жүзеге асыру тәсілін белгілеу қажет деп санаймыз.
Дарынды тұлғаны қалыптастырушы – ұлағатты ұстаз, ең алдымен мектепте білім нәрімен сусындататын мұғалім. Бүгінгі мұғалімнің өз саласында қажымас еңбек етіп, сапалы білім беруі, оның әлеуметтік жағдайының деңгейімен де тікелей байланысты екені рас. Мектептерді «жақсы мұғалімдермен қамтамасыз етпейінше, білім сапасын көтеру мүмкін емес», деген Мемлекет басшысының сөзі, біздің ойымызша, ең алдымен ауыл мектептері ұстаздарына бағытталып отыр. сондықтан заманауи білім алған педагог мамандардың ауылға барып еңбек етуге қызығушылығын арттыру мақсатында бағдарлама қабылданып, сол бағдарламада мұғалім мәртебесі мен мүддесін қорғайтын өзекті мәселелер өз шешімін табуы керек. Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген қанатты сөзі қайта жаңғырып, нұр үстіне нұр балары хақ.
Әділ-қазылар мүшелері:
Оқу - ісі жөніндегі орынбасары: Бегалиева Л.
11 сынып білім алушысы Заңғарбекұқызы И.
Бұл пікірталасқа 9-10 сынып оқушыларынан құралған жақтаушы тобы және даттаушы тобы қатысады.
Жақтаушы тобы
Қарары: Ақысыз сапалы білім алу мүмкін емес деп есептеймін
Топ мүшелері:
Айдана
Ерсұлтан
Даттаушы тобы
Нұрхаят
Мөлдір
Топ спикерлеріне қойылатын талаптар:
Дебат ережесін сақтау
Тақырыптан ауытқымау.
Сөйлеу шеберлігі
Жоғары мәдениеттілік
Өзіндік айқын көзқарастың болуы
Пікірталас ойын шарттары
Әр топ өзін таныстыру.
Екі топ өз ойларын ортаға салады
Регламент сақтау
Екі топ өзара сұрақ алмасады
Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
Еңбек орта мектебі
Ақысыз сапалы білім алу мүмкін емес
Дебат пікірталас (ой-бөліс сайыс сағаты)
Өткізген:Рахимова А.
Сыныбы: 9 - 10
2022-2023 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |