Дебат және Әлем чемпионатындағы Төрешілік 1 Раундтағы жеңіс



бет2/16
Дата26.08.2020
өлшемі46,51 Kb.
#76990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Төрешілік

2.2 Көндіре алу деген не?

Төрешілер орындарды раундта қай топ ең сенімді екендігіне қарай жіктейді. БПФ форматында аргументтің сенімділігі дәлелдемелер мен маңыздылығын көрсету арқылы жүзеге асады.

Анализ бен стиль екі бөлек бағалау критерийлері емес екендігін ескерге жөн. БПФ дебат форатында аргумент керемет мазмұндау стиліне қарамастан жеткілікті түрде сенімді бола алмайды. Аргументтерге дәлел келтірілмеген әдемі құрастырылған сөйлемдерде ешқандай мән болмайды. Сәйкесінше, төреші түсінбеген дәлелденген аргумент оны көндіре алмайды. Жақсы стиль деп анализді төрешіге барынша эффективті түрде жеткізуді атайды. Стиль және анализ жеке, тәуелсіз сендіру генераторы емес керісінше бірін-бірі толықтыратын көндіру элементтері болып табылады. Екеуінің бөлек секцияларда талқыланатындығы кедергі етпейді.
Анализ

Аргументтің анализі оны далелдейтін себептерден құралады. Себептер аргументті мынандай жолдармен даледей алады:



  • логикалық тұрғыда аргументтің шындылығын дәлелдеу

  • белгілі бір тұжырымға алып келетін себеп-салдарлық байланыс

  • аргументтің шындылығын далейдейтін қоғамдық норманы көрсету

  • басқа жағынан аргументтен шығатын жаман салдарларды көрсету

немесе бұдан да басқа көптеген төрешіні көндіретіндей шыңдыққа негізделген және дебатқа қатысты сөздермен дәлелдеуге болады. Себептер мықты және әлсіз болады. Ол пірірсайысшының қаншалықты мықты критерийлар жинағанына байланысты болады.

Аргументтің бағасын осындай себептермен қатар төрешілер де оның маңыздылығын, шындыққа негізделгендігін, оның сенімділігін анықтау үшін өзіндік стандарттар қолданады. Шындыққа қатты алыс тұжырымдар аргументке әлсіз қолдау болады немесе мүлдем қолдау болмайды. Аргументті дұрыс тізбектемеу ойыншылар үшін көптеген проблема әкеледі. Командалар сөз арасында бір-біріне қарсы шықпау керек. Егер де командалар ойын кезінде бір-бірінің сөздеріне қарсы шығып қалған жағдайда төреші екі аргументті де қабылдамауға құқылы немесе екеуінің біреуін қалдырады. Кейде екі аргументті де қабылдап, бірақ әлсіз ретінде алуы мүмкін.

Төмендегі критерийлар анализге түк әсер етпейді:


  • аргументтің саны

  • аргументтің ішіндегі қулықтар

  • аргументтің қызықтылығы

Маңыздысы: осы аргуметтен шыққан тұжырым қаншалықты дебат раундына релевантты, қаншалықты мықты қолдаулармен дәлелденген, қаншалықты осы аргументке қарсылық болғандығы мен қаншалықты осы аргументке анализ жасалғандығы. Төрешілер аргументтің осы раунда қаншалықты маңызды рөл атқаруы мүмкін екендігіне қарамай, сол аргументтің ойында қаншалықты дәлелденгені мен сол аргументтің қаншалықты дебат ойында маңыздылығы болғандығына қарауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет