Мысалы: Бұл Палата Сирияға әскер енгізеді
Мысал 1:
Премьер-Министр: «Біз АҚШ тез арада Сирияға әскер енгізіп, сол жерде жаңа үкімет орнатуға тиіс деп есептейміз»
Оппозиция Лидері: «Біз АҚШ тез арада Сирияға әскер енгізіп қана қоймай, Сирияның жаңа режиміне эконмикалық көмек беру керек деп есептейміз»
Төреші қандай қорытынды жасайды?
Ашушы Оппозицияның контр-ұсынысы Ашушы Үкіметтің ұсынысымен қатарлас жұмыс істей алатындықтан, Үкіметтін кейсін қабылдайды.
Мысал 2:
Премьер-Министр: «Біз АҚШ тез арада Сирияға әскер енгізіп, сол жерде жаңа үкімет орнатуға тиіс деп есептейміз»
Оппозиция Лидері: «Біз Сирияға әскерді енгізгеннін орнына АҚШ бүлікші топтарға әскери көмек бергені дұрыс деп есептейміз»
Төреші қандай қорытынды жасайды?
АО контр-ұсынысы толықтай Үкіметтін идеясын жоққа шығармайды, бірақ олар оны альтернатива ретінде көрсетті (әскер енгізу болмауы және әскери көмек берілуі анық).
Басқа аргументтерге байланысты, бұл баламаны лайықты деп есептеуге болады.
АО контр-ұсыныс енгізбеген жағдайда Үкімет командалары нақты альтернативаны талап ете ала алмайды. Оппозиция тобының басты мақсаты берілген мәселені шешу емес, Үкімет ұсынысын жоққа шығару болып табылады (Оппозиция кейбір кезде нақты мәселе жоқтығы туралы аргумент бере алады). Алайда, егер Оппозиция мәселенін бар екендігін мойындаса, АҮ ұсынған іс-әрекеттер қалыптасқан жағдайды ушықтарытынын дәлелдеу қажет.
2.8 Кеңейту- Үкімет пен Оппозиция мүшелерінің сөзі
Үкімет пен Оппозиция мушелері пікірталастың кеңейтілуіне жауапты.
Кеңейту- алдында айтылмаған кез-келген материал. Кеңейту бірнеше форманы қамтуы мүмкін:
1. жаңа аргументтер
2. жаңа мысалдар
3. жаңа анализ немесе өзгеше тусіндіру
4. бар аргументацияны өзгеше жеткізу
Басқа сөзбен, сөзбе-сөз материалды қайталаудан басқа барлығы кеңейту болып саналады. Осы көзқарастан, осы позициядан рөлді атқару оңай және көптеген ойыншылар негізгі талаптарға сай келеді. Алайда екінші топтың ойынға қосқан үлесі лайықты бағаға қол жеткізу үшін олардың үлесі бірінші топтыкінен күштірек болуы тиіс. Екінші топ кеңейтуді аз көрсеткен болса, басқа топтардан қарағанда төрешіні сендіретін материлады аз жеткізген. Соңдықтан, екінші топтар біріншілерді ұтпайды, себебі оларда “кеңейту болды”. Жеңіске апаратын кеңейту ұсынысты қабылдау немесе қайтару туралы төрешіні сендіретін материалды қамтиды.
Найфинг (knifing): 2.5 бөлімінде айтылғандай, Үкімет пен Оппозиция мүшелерінің сөзі (және Хатшылардың сөзі) өз устелінде айтылған сөздерге қайшы келмеу керек. Басқа топтарға немесе басқа пікірталасшыларға жанама қарсы келу немесе тікелей жоққа шығару найфинг болып есептеледі. Басқа дебатерлардың мәлімдемесіне қарсы келуге аз немесе мулдем маңыздылық бермеген дұрыс.
“Тіпті егер” форматтағы аргументтер(мысалы, АО дұрыс болмаса да, ұсынысты бәрібір де қабылдауға болмайды, себебі N) найфинг болып есептелмейді. Алайда бұндай аргументтер екінші топтың бірінші топты жеңгеніне сендіруге жақсы негіз болып саналмайды( тек егерде устелдердің сенімділігін арттырмаса). Жабушы топ ашушы топтың күшті нүктелерін әлсіз альтернативамен алмастырса немесе “егер” нұсқасының ықтималдығы аз “тіпті егер” аргументін беретін болса, болса үстелдің жеңіске жетуі бірталай.
2.9 Раунд сараптамасы – Хатшылардың сөзі
Хатшылардың сөзі тиісті тараптың перспективасынан ойынға сараптама жасау керек. Жақсы сараптама ойындағы басты қақтығысу нүктелерін (клэш-нүктелер (points of clash)) атап, екі топтың басты аргументтерін қолданып, берілген қарарды қабылдау немесе теріске шығару керегін көрсетеді. Егер бірінші топтың аргументтері дебатқа релеваннты бола тұра еленбесе, немесе жоққа шығарылса, хатшы өз жұмысын эффективті түрде атқармаған. Алайда, хатшы өз тобының мақсатына байланысты күштірек кейсті қорғап, неге өзінің үстелінің материалы маңыздырақ болғанын көрсету мүмкіндігіне ие. Бұл тек қана Ашушы үстелдің аргументтерінің маңыздылығын түсірмеген жағдайда мүмкін.
Жаңа аргументтерді қосу екі хатшының да рөліне кірмейді. Бұл Оппозиция Хатшысына толықтай тиым салынған, өйткені бұл сөзге ешкім қарсы шыға алмайды. Үкімет хатшысы ресми түрде жаңа аргумент қоса алады, бірақ олар Үкімет мүшесінде аталып кеткені жөн, өйткені бұл ойынды дұрыс қорытындылауға көмектеспейді. Екі хатшының да басты міндеті аргумент қосу емес, дебат раундын саралау болып табалады.
Жаңа аргументке не кіре алады? Пікірталас нақты істі істеу керек немесе істемеу керек туралы болады. Сондықтан, бір әрекетті істеудің жаңа себептері, салдарлар және моралды ақиқат туралы мәлімдемелер жаңа аргумент болып саналады. Келесі заттар жаңа аргумент ретінде қабылданбайды, сондықтан хатшылармен қолдана беріледі:
Жасалынып қойған аргументті қорғаудың жаңа жолдары
Жасалынып қойған аргументті түсіндірудің жаңа жолдары
Ребаттл
Жасалынып қойған аргументтерді қолдауға арналған жаңа мысалдар
Үкімет немесе Оппозиция Мүшесі сөзіне сүйне, қарсылас топ түсіне алатын барлық нәрсе
Иногда сложно определить разницу между новой отбивкой и анализом (что разрешено) или новыми аргументами (что запрещено). Судьи должны понять, является ли такое утверждение постановкой нового вопроса и дает ли оно новый способ выиграть раунд при помощи предыдущих вопросов, на которые другие команды не могут ответить. Если команда предлагает новый аргумент в речи Секретаря, то судьи могут просто игнорировать его (или дать ему ограниченный вес, если он появляется в речи Секретаря Правительства). Предложение новых аргументов не следует пенализировать далее.
Кейбір кезде жаңа ребаттл және сараптама (рұқсат етілген) мен жаңа аргументтердің (рұқсат етілмеген) арасындағы айырмашылықты түсіну қиын болады. Төрешілер берілген мәлімдеме жаңа сұрақ қояма немесе алдыңғы қойылған сұраққа жауап беру арқылы жеңіске жету үшін жаңа тәсілін береме деген сұрақтарға жауап берулері тиіс. Егер топ Хатшының сөзінде жаңа аргумент қосатын болса, төрешілер оны елемеуге (немесе Үкімет хатшысының сөзі болса маңыздылығын төмендетуге) құқылы. Жаңа аргументтерді еңгізуді әрі қарай жазалаудың қажеті жоқ.
2.10 Ақпарат Пункттары, Уақыт және Equity
2.5 пунктінде аталған жеті рөл Ақпарат пункттерін қабылдау мен ұсыну және сөздің уақытпен шектелуін қамтиды. Басқа рөлдер секілді бұларды сақтау сендірудің кепілдігі бола алмайды. Егер топ мүшелері берілген уақыт көлемінде сөйлеп немесе көп Ақпарат Пункттарын қабылдаса, Төреші осы үшін жеңісті бере ала алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |