Контр-ұсыныс Егер Оппозиция ұснылған қарардан бас тарту себептерін көрсетіп жатса, контр-ұсынысты енгізу легитимді болып саналады. Үкіметтін іс-шарасына нақты альтернативаны көрсетуге оппозиция міндетті емес. Алайда, егер оппозиция қаласа, Үкіметтін ұсынысына балама әрекеттерді қорғауға мүмкіндік бар. Бұл “контр-ұсыныс” немесе “контр-пропозиция” деп аталады. Егер Үкімет жағынан тек Премьер-министр дефиниция енгізуге құқылы болса, Оппозиция үстелдерінде тек Оппозиция Лидері альтернативті моделді көрсете алады. Альтернативті метод үкіметтін механизмімен қатарлас жұмыс істелуі мүмкін, бірақ бұл төрешіні сендіруде көп пайда әкелмейді, өйткені екі механизмді де бірдей қабылдауға болады. Сондықтан, өз моделін ұсынған Оппозиция неге бұл модель жақсы екенін түсіндіргеннен бөлек, неге бұл моделді Үкіметтің моделінін орнына қабылдау қажет екенін көрсеткені жөн.