Сабақ барысында ұйымдастыру Биология пәнінің мұғалімі: Муканова Г. К



бет1/3
Дата10.06.2017
өлшемі404,31 Kb.
#18344
  1   2   3
«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ

Баяндама


«Рефлексиялық қызметті сабақ барысында ұйымдастыру»

Биология пәнінің мұғалімі: Муканова Г.К.

Мамай батыр ауылы. 2014ж.

Рефлексиялық қызметті сабақ барысында ұйымдастыру

Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.


Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады.

Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде муғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілегі. Педагогикалық рефлексия орталығында - оқушы тәрбиешіде және онымен өзара қарым-қатынасында нені қабылдайтынын және түсінетінін, тәрбиешінің әрекеттеріне қалай икемделе алатынын ұғу.


Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды. Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп үйымдастырылуы шарт.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлексияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді.

Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизімдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес.


Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның тиімділігін арттырады. Өзіндік бағаның мотивациялық - психологиялық тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік баға беру өзін - өзі тану мен табу әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай қарым - қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі үйлесімдіктеріне, өзін - өзі құрметтеуге қол жеткізуге ықпал етеді.
Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол - сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Рефлексивтік іс - әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. «Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсем: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті: оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.
Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай алудан басталады. Өзінің нақты жағдайы мен болашағының бағытын саралай, аралық мақсаттарды анықтай алумен сипатталады. Психологиялық мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы= даму» түрінде ұсынады. педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылды: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс – қимылдарын түсіну бағытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор.

Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, мәдени деңгейін көтеру, танымдық қабілеттерін дамыту, оқу процесін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарды. Бұл оқушыларға өз әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру әдіс- тәсілдерін меңгертуді талап етеді. Оқу әрекетінің құрамына оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп, бағалап отыруы кіретіндіктен оқу әрекетіне деген рефлексивті қарым қатынасын қалыптастыру ең басты мәселелердің бірі болады. Осындай күрделі құралдағы оқу әрекетіне байланысты оқушылардың сәйкесті ойлау қабілеті қалыптасады. Ал ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Ол белсенді сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады. Оқу тапсырмасының әрбір кезеңін орындауда оқушылар білім негізін саналы меңгеріп, өз беттерімен әрекет жасауға мүмкіншілік алады. Сондай- ақ талдауға, нақты мақсатты анықтауға, тапсырманы орындауға қажетті ережелерді, іскерліктерді жаңғыртуға, мақсатқа жетудің реттік амалдарын белгілеуге, тексеру мен бағалауға үйренеді.Оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру - өз бетімен білім алудың, өз бетімен ізденудің, өзін - өзі тексерудің, өзін-өзі бақылаудың, өзін-өзі бағалаудың негізгі құралы болып табылады.



Оқу әрекетіндегі рефлексия – оқу әрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Себебі оқу әрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы өзінің даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, оқу әрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік алады.Оқушы рефлексия арқылы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – оқушыға алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы. Өкініші орай оқушылар өткен материалдың мәніне көп көңіл бөлмейтінін қойылған талаптары, шала түсінетіні, тек нәтижені ғана тексерумен шектелетіндігі, соның нәтижесінде жиі сәтсіздікке ұшырайтындықтары, уақыттан ұтылатындықтары, өздеріне сенімсіздіктері байқалады. Нәтижесі оқушы өз әрекетін талдай, бақылай білмейтіндігін көрсетті. Сондықтан да оқушыларда оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастырудың қажеттігін практика жүзінде көз жеткізіп, оқу әрекетіне рефлексивті қатынасты қалыптастыруда төмендегі шарттарды ескеру қажеттілігі анықталады.

  1. Оқу әрекетінің құрамына тоқталып, мәнін түсіндіру.

  2. Орындалған әрекет тізбегін еске түсіру.

  3. Анықталған әрекет тізбегінен ең тиімдісін анықтау.

  4. Әрекеттер нәтижесін құрастыру және шығару. Мұндай нәтижелер бірнеше болуы мүмкін:

  • оқу әрекетіне байланысты идеялар, ұсыныстар жасалып, заңдылықтар анықталып, сұраққа жауаптар берілуі;

  • оқу әрекеті барысындағы қолданылған тәсілдер мен амалдардың анықталуы;

  • алдағы жоспарланатын оқу әрекетіне болжам жасалуы.

5. Оқу әрекеті барысында тексеруді және бағалауды жүзеге асыру. Бұл жұмыс түрі оқушының өз-өзіне деген сенімділігін, өз ісіне жауапкершілігін арттыру, оларды тиянақтылық қасиеттермен қатар, өзін-өзі тексеру, бақылау, бағалау сияқты іскерліктерін қалыптастырады.

Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі болып саналады. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін өзі тану, өз өзіне есеп беру деген сөз. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді саналы түрде меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың негізгі қағидаларының бірі. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді болады.


Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңындаң әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласу керек.
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:

І. Мақсатына қарай :

  • эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы

  • әрекетттік рефлексия.

  • оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы.
    1 Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы.
    Көңіл - күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл - күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады. Сабақтың басында және аяғында.
    2 Әрекеттік рефлексия.
    Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс - әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білуді үйретеді. Жеке іс - әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.
    3 Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы.
    Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.

ІІ. Мазмұнына қарай:

  • Ауызша;

  • Жазбаша

ІІІ. Тұлғалық :

  • физикалық: үлгердім-үлгермедім;

  • сенсорлы: қызық-қызықсыз;

  • рухани: жақсы сезіндім –жаман сезіндім (тек жазбаша түрде)

  • интеллектуалдық: түсіндім-түсінбедім

ІV. Сабақтың түріне қарай:

  • ББД қалыптасуынан кейін

  • Аралық рефлексия

  • Бақылау рефлексиясы

  • Қорытынды рефлекси

  • V. Өту әдісіне қарай:

  • Анкета

  • Сұрақ

  • Кесте

  • Жағдаят

  • Сурет

  • Символ

  • VІ. Іс-әрекетіне байланысты:

  • Фронталды

  • Жеке

  • Топтық

  • Ұжымдық

  • Рефлексияға үйрету кезеңдері:

  • І. Өз көңіл-күйін жетістіктерін талдау.

  • ІІ.Сыныптастарының жұмысын талдау.

  • ІІІ.Топ мүшелерінің жұмысын талдау.



  • Биология сабағында қолданылатын рефлексия түрлері

  • 1. Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы.
    Оны мұғалім оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін қолданады.
    1 Ақталмаған сөйлем тәсілі (тезис):
    Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына байланысты болуы мүмкін.
    2.Сабақ мақсатына жету рефлексиясы.
    3. Think wane (синквейн) 5 жолдық
    • Бірінші жол- тақырып атауы;
    • Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;
    • Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;
    • Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;
    • Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.
    Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын, алған әсерін білдіреді.

  • 4. «Баспалдақ». Жаңа материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды.

  • 5. «Ақылдың алты қақпағы» материалды әр түрлі қырынан сипаттайды.

  • 6. «Тірек сөздер». Тақтаға тірек сөздер жазылады, сол сөздерден сөйлемдер құрау.



  • 2. көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;
    Төменде бірнеше тәсілдер көрсетілген.
    1. «Пейзаж–көңіл күй айнасы» әр оқушы табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, ағылшынша бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.
    2. «Түсті карточкалар» оқушыларда екі карточка: көк және қызыл. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады.

  • 3. «Смайликтер» арқылы көңіл-күйін білдіру.

  • 4. «Күншуақ»: оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.

  • 5. «Көңіл-күй гүлшоғыры». Оқушыларға түрлі –түсті гүлдер таратылады, өздеріне ұнаған гүлді құмыраға жабыстырады, таңдаған түстері бойынша көңіл-күйдері анықталады.

  • 6. «Қайық». Оқушылар түсті кемелерге өз туларын жабыстырады: қызыл –сабақ ұнады, жасыл –қызықсыз, қара- сбақ ұнаған жоқ.

  • 7. «Алма ағашы». Сары және жасыл түсті алмалардың ұнаған түсін таңдар іледі.

  • 8. «Рефлексивті нысана». Тақтадағы нысана арқылы өзінің, сыныптастарының, мұғалімнің іс-әрекетін бағалайды.

  • 9. «Термометр». Өз эмоциясын, тақырыптың қызықтығын, сабақтың өту барысын бағалайды.

  • 10. «Гномиктер»

  • 3. Іс-әрекет рефлексиясы
    Жеке жазба жұмыс рефлексиясы.
    Бұл жұмыс сабақтың соңғы этапы, қорытынды. Өткізу түрі – тестер, мини - шығарма, эссе, кесте, досыма хат, тірек сызба. Тәсілдерге тоқтасам:
    1. «+; - ; қызықты» Оқушылар бір жағында(+)белгісі бар, қандай сұрақтарға жауап алғанын жазады, келесі бетінде (-) белгісі, қандай сұрақтарға жауап алмағанын; және қызықты болған мәліметтерді жазады. Оқушылардың жауабы келесі сабақтың міндеттерін қоюға септігін тигізеді.
    2. «Телеграмма»
    Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын ағылшын сабағы туралы ата-аналарына телеграмма жазу ұсынылады. 2-3 минут телеграмма құруға беріледі, содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып жалпы қорытынды жасалады..
    3. «Өзіме хат» жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.
    4. «Эссе». Ой толғау.

  • 5. «Диаграмма» Сабақтағы материалды қалай түсінгенін тексеруге арналған.
    6. «Уақыт шкаласы» мәтіндегі хронологиялық даталарды есте сақтау үшін қолданылады,
    7. «Бағдаршам». Бақылай-бағалау рефлексиясы. Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

  • 8. «Піл» Оқушыларға пілдің суретін салғызып, жинап алады. Суретке қарай талдайды (құлақ – жақсы тыңдады, көз – суреттен жақсы есте сақтайды...)
    9. «10 ұпай». Өзінің, сыныптастарының іс-әрекеттерін 10 балдық жүйемен бағалау.

  • 10. «Пантомима» . Қолдарын жоғары көтерсе –сабақ жақсы өтті, басы төмен-қанағаттанған жоқ, беттерін қолымен жауып алса –ұнамады.

  • 11.Жүргізілген жұмыстар бойынша  көңіл – күйді талдау мақсатында өткізілетін әңгіме. Бұндай әңгімелесу барысында балалар өздерінің алған әсерлері бойынша ойларын бөліседі, жетістіктері мен қынжылатын жайларды талдайды, бірін- бірі тыңдап үйренеді, өз іс- әрекеттерін талдап үйренеді.

  • 12. Тазалық экраны, бұнда ортасында күн бейнеленген сурет, жан – жағында оқушылардың фотографиялары  ілінеді. Стрелканың бағыты бүгінгі ең белсенді және тиянақты болған оқушыны нұсқайтын етіп қойылады.

  • 13. «Тілшілер» ойыны, оның мәнісі - орта және жоғары буын оқушылары күнделік жүргізеді. «Тілші» өз жазғанын оқиды, ал басқалары оған өз көзқарастарын айтады, тілшінің деңгейін анықтайды.

  • 14. Әр түрлі тесттерді қолдану.

  • 15.  Мұғалімнің  педагогикалық күнделігін оқу.

  •  16. «Адамдар теңізі» психологиялық этюді, ойынға қатысушылар белгіленген кеңістікте бірнеше минут бір- бірінің көздеріне қарап, қолдарын бір- бірінің қолдарына тигізіп жүреді. Содан кейін шеңбер құрып отырып, алған әсерлері мен сезімдерімен бөліседі.

  •  17.  «Отырмақ», ойынға қатысушылар жұптасып  бір – біріне қарсы қарап отырып, кезекпен ең жақсы және ең жаман  нәрселер туралы айтады; одан кейін шеңбер құрап отырып, әңгіме тыңдаушының тыңдай білуі айтылады.

  • 18.  «Жәрмеңке», әр мүшесіне 6 қасиет жазылған кеспелер беріледі, оны жариялайды    (батылдық, махаббат, мейірімділік, белсенділік, қолдау, мойындау т.б.). Қатысушылар әркімнің өзіне қажет деген қасиеттерін бір-біріне береді.

  •  19.  Психологиялық этюд, оның барысында ойынға қатысушы  «Қазір және осы жерде мен іздеймін (сеземін, ойлаймын т.б.) ... ».

  •   20.« Эстафета» ойыны барысында қатысушылар үшке бөлінеді: әңгімелеуші, тыңдаушы, бақылаушы; әр қайсысы осылардың барлығында да болуы керек.

  •     11.«Сурет шеберханасы»  -  әр қатысушының алдында альбомның беті жатады. Ол бет екіге бөлінеді:  сол жағында өзінің жақсы жақтарын суретпен салып көрсетеді. Ал оң жағында өзінің ұнамайтын жақтары бейнеленеді. Содан кейін шеңберге отырып, кімнің қандай сурет салғандығын әңгімелейді. Суретінің әр бөлігінен бір детальді бөліп алып, сол бойынша әңгімелейді 

  • «СМС» жазу.Сабақ қалай өткені туралы .



  • Рефлексия адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу, шешім қабылдай білу, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады, бұл 21 ғасыр талабы.
    Біздің мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді ұнемі қажет етіп отырады. Сондықтан рефлексия жаңа заманға сай талапкерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытатын жолдың бірі. Бала ойлауға, сөйлеуге , өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады.

  • Рефлексиялық-бағалаушылық процесінде өзіндік ой-пікір, әрекеттерді, тәжірибе нәтижелерін талдау және оқу процесіндегі келесі кезеңдердің бағдарламасын анықтау үшін жағдай жасалады.

  • Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.



  • Рефлексия түрлері







  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет