МОӨЖ міндеттері: - магистранттың алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін жүйелеу және бекіту;
- теориялық дайындықты тереңдету және кеңейту;
- нормативтік, құқықтық, анықтамалық құжаттарды және арнайы әдебиеттерді қолдана білуді қалыптастыру;
- магистранттың танымдық қабілеттері мен белсенділігін дамыту: шығармашылық, дербестік, жауапкершілік және ұйымдастырушылық;
- ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру;
- зерттеу дағдыларын дамыту;
- тәжірибелік сабақтарда, курстық және бітіру біліктілік жұмыстарын жазу кезінде, қорытынды сынақтар мен емтихандарға тиімді дайындалу үшін өзіндік сабақтар барысында жиналған және алынған материалдарды қолдану.