Дәріс жоспары: 1.Шақ тұлғаларының интеграциялық қатынасы
2.Синтаксистік деңгей бірліктері
3.Мәтіннің аяқталуы
Мақсаты: Грамматикалық деңгей бірліктері қызметіне тоқталу.
Қысқаша мазмұны: Интеграция мен аяқталу категориялары өзара байланысты және шарттас. Біз қабылдайтын «әлем суреті» үнемі қозғалыста болып, өзгеріп отырады. Автордың пікірінше, тақырып дамуымен нәтижеге жетсе, онда мәтіннің аяқталғаны.
Аяқталу ұғымы бөлімдеріне емес, тұтас мәтіннің өзіне тән. Автордың ойын түсіне алмаған оқырманға мәтін аяқталмағандай көрінуі мүмкін. Шынтуайтында мәтін аяқталған, тек автор көтерілген проблема бір мәнді шешілетіндей жетіп, піспеген. Не мазмұндық-фактуалды ақпарат немесе астарлы мәтін оқырманға қалай аяқталарын меңзеп тұр, сондықтан автор қорытынды жасаудың қажеті жоқ деп шешкен.
Түрлі типті, әсіресе көркем мәтіндерде жаңа проблеманың қойылуының өзі аяқталғандық іспетті. Әсіресе, атының өзі сұраулы: «Кім жазықты?» сияқты болса, айқын байқалады.
Эпиграф – көркем (басқа да) мәтіннің оқырманның назарын бастапқы мәтінге аударып, ассоциациялар желісін дайындайтын компонент. Эпиграфта қос бағыт – бастапқы (эпиграф алынған) мәтін және жаңа мәтін (эпиграфтан кейін тұратын). Эпиграф пен мәтіннің арасында өзара бағытты байланыс бар: эпиграф мәтіннің терең құрылымын ашады, соңғысы эпиграфқа тереңірек үңілуге, жаңа ассоциация тудыруға, оның тезаурусы негізіндегі идеялар мен түсініктерге «жан бітіруге» ықпал етеді.
Осылайша, тақырып пен эпиграфты дұрыс түсіну интеграциялық қатынастар әрекетімен және тұтастық ретінде мәтінмен тығыз байланысты. Ол сондай-ақ контексті кең түсінумен, оқырман мен автордың жалпы білімінің пресуппозициясымен байланысты.
Мәтіннің аяқталуына эпилог пен соңғы сөз де белгілі дәрежеде әсер етеді.
Демек, тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы олардың мәтінді интерпретациялау үдерісіне қатысуына байланысты пайымдалады.
Аяқталғандық мазмұндық-концептуалды ақпаратты аша отырып, мәтіннің дамуына шек қояды. Аяқталғандық-қорытынды эпизод немесе шығарманың фабуласы мен сюжеті дамуының соңғы кезеңін суреттеу, аяқталғандық – мәтіннің «нүктесі».