Дебиеті кафедрасы



бет23/43
Дата20.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#132597
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау

15-ТАҚЫРЫП: Автор бейнесі


Дәріс жоспары:
1.Автор бейнесі көркем мәтін категориясы ретінде
2.Автор бейнесі-көркем сөз теориясының негізі.
3.Баяндау тәсіліндегі автор бейнесі.
Мақсаты: Көркем әдебиеттегі автор бейнесі туралы түсінік беру.
Қысқаша мазмұны:
Автор бейнесі баяндау тәсіліне (бірінші жақтан, әңгіме айтушының атынан, т.б.) қарамастан кез-келген шығармада айқын не бүркемелі болады.
В. В. Виноградовтың пікірінше, «автордың қатысы» автор бейнесінің анықтауышы болып қызмет етеді. Оның тура айтылуы мүмкін, алайда көбіне мәтіннің бүкіл ішкі құрылымында болып, «композиция мен стильдің тереңінде» жасырынып жатады. Автор бейнесі, автор тұлғасы «оның тақырыпқа қатысынан» ашылады.
Көркем әдебиетте автор бейнесі айту формаларының көптігін көрсетеді. Шығарма авторы автор бейнесі арқылы өз тұлғасы адам және жазушы ретінде тікелей айтуға тырысып, авторға ұқсамайтын кейіпкерге, әңгімешіге барынша жақындауға ұмтылады.
Авторлық көзқарас автор бейнесін барынша ашық формада көрсетеді. Кейіпкерлерінің ойы мен іс-әрекетін суреткердің өзі топтаса, оның бейнесі туралы пікір қалыптасады. Осы бейне композицияда да, сюжетте де, шығарманың тілінде де жүреді. Ол өзінің ролін оқиғаға тікелей қатысушыға немесе куәгерге жүктеп қойса (осы мақсатта әңгімеші ролі енгізіледі), онда автордың позициясын анықтау қиынырақ. Әңгімешінің әңгімені бірінші, екінші немесе үшінші жақтан айтуы мүмкін.
Автор көзқарасының әңгімешінің көзқарасымен толық сай (бір бағытта әңгімелеу) келуі де, келмеуі де (әр бағытта әңгімелеу) мүмкін. Көркем әдебитте әңгімелеудің осы екі желісі бір-бірін толықтырып отырады.

Автор бейнесі ең алдымен баяндау тәсілінде байқалады. Автор, әңгімеші, кейіпкер суреттеуге қатысты әр түрлі позиция ұстануы мүмкін. Бірыңғай «мен» авторлық көзқарасқа жақын көзқарасты да, оған қарама-қарсы көзқарасты да біріктіре алады. Баяндау перспективасы автордың идеяны дамыту үшін таңдаған баяндау тәсілінің көрінісі болып табылады.


Көркем прозада баяндау перспективасының екі түрі бар:
1) шектеусіз баяндау перспективасы;
2) шектеулі перспектива. Көптеген шығармаларда баяндау перспективасының екі түрі әр алуан формада үйлесіп жатады: вариантты тұрақсыз баяндау перспективалы шығармаларды және тұрақты константты баяндау перспективалы шығармаларды атауға болады.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:



1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.

2.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 186 б.

3.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 228 б.

4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2011.

5.Оразбаева, Э.Б. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.

6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: Эверо, 2014.- 288 б.

7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет