Дебиеті кафедрасы


ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ



бет24/43
Дата20.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#132597
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау

ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ


Лекция – білім алушыларға білім беретін сабақтың негізгі түрі болып есептеледі. Оның мынадай түрлері бар:
Ақпараттық лекция магистранттарға есте сақтау мен өз бетінше ойлауға қажетті ғылыми ақпараттарды түсіндіруге бағытталады. Бұл – жоғарғы мектептегі лекцияның дәстүрлі түрі.
Проблемалық лекция. Мұнда қаралатын сұрақтар мен мәселелер әр түрлі ситуация түрінде беріледі.
Бинарлық лекция әр оқытушының өзара диалогы ретінде өткізіледі.
Алды ала қателіктерді жою жоспарланған лекция техникалық оқу құралдары мен аудио және видео техникалық құралдарды қолдану арқылы өткізіледі.
Конференция түріндегі лекция. Бұл ғылыми практикалық сабақ түрінде өтеді. Алдын ала жоспарланған мәселелерге байланысты 5-10 минуттық бірнеше баяндама жасалады. Әрбір лекция соңында оқытушы магистранттың баяндамаларына баға бере отырып, толықтырып, берілген ақпаратты анықтап, қорытындылайды.
Пікір-талас түріндегі лекция (дискуссия). Бұл сабақ түрінде баяндалатын материалдар пікірталас түрінде беріледі. Ол жан-жақты талданады және бағаланады.
Кеңес түріндегі лекция. Бұл ұзақ үзілістен кейін пәннен өтілген тақырыптарды еске түсіру және таныстыру немесе бақылау формаларының (емтихан, сынақ) алдында тақырыптарды қайталау, пысықтау мақсатында жүргізіледі.
Лекцияның құрылымы. Лекция кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Кіріспе - оқу материалына студенттерді қызықтыратын және олардың ықыласын аударатын лекцияның алғашқы бөлігі. Оған лекцияның тақырыбы, кәіби маңыздылығы, кәсіби сипаттамасы және зерттелу дәрежесі, лекцияның мақсаты кіреді. Сондай-ақ лекция жоспарымен таныстыру жүзеге асырылады. Тақырыпқа қатысты әдебиеттерге сипаттама беріледі. Бұрын өткен материалдар еске түсіріледі. Олардың жаңа материалдармен байланысы туралы айтылады.
Негізгі бөлімде қатаң түрде жоспар бойынша лекция мазмұндалады. Оған материалдың мазмұнын ашатын концептуалды және нақты материалдар, талдау мен баға, теориялық ережелерден шығатын аргументтер мен дәлелдердің әр түрлі тәсілі енеді.
Қорытынды бөлімде жалпы лекцияның қорытындысы шығарылады, материалдар жалпыланады, магистранттың сұрақтарына берілген жауаптар қорытындыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет