Дебиеті кафедрасы


Пән бойынша ммагистранттарды лекциялық сабақтарда бағалау өлшемі



бет27/43
Дата20.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#132597
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау
Практика СУ за пожилыми людми 7497197b383bc85339a3545669059b18, Сканирование июля 29, 2020 (1), Сканирование июля 29, 2020 (1), құрмалас сөйлем, жазылым, аннотация (1)
Пән бойынша ммагистранттарды лекциялық сабақтарда бағалау өлшемі

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Сабаққа қатысымы мен ақпаратты қабылдауы, материалды игеруі

5

Сабаққа қатысуы

1 балл

Конспект жасауы

1 балл

Сыни ойлауы

1 балл

Белсенділігі

1 балл

Диалогқа түсуі

1 балл

Барлығы

5 балл


Ескерту: Егер магистранттың іс-әрекеті өлшемнің біріне сәйкес келмесе, балл қойылмайды.


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ


Практикалық сабақ – оқу үдерісін ұйымдастырудың белсенді формасы, магистранттың пән бойынша жүргізетін оқу жұмысының ең маңызды түрі болып саналады және кафедра пәндері бойынша сабақ жоспарында қарастырылған сағаттар шегінде орындалады.
ПС мақсаты – магистранттың танымдық, өз бетінше ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту, магистранттың бойында қосымша дағдыларды, сондай-ақ оқу пәндерін оқып үйренуге қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру.
ПС міндеті мыналар:

        • Арнайы пәндер бойынша практикалық тапсырмларды орындау;

        • Лекциялық сабақтарда алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту, студенттерді теориялық ережелер мен оқу пәндерінің тұжырымдамасына талдау жасаудың түрлі әдістеріне, практикалық тәсілдері мен дағдыларына үйрету;

        • Магистранттардың нақты практикалық тапсырмаларды шешуге қажетті жаңа және дәстүрлі материалдар мен құрал-жабдықтарды, жаңа теориялық, ғылыми-практикалық әдістерді пайдалана білуін және үйренуді қалыптастыру;

        • Пәннің оқыту бағдарламасындағы нақты тақырыптар бойынша әдеби, тарихи және этнографиялық негіздерін үйрену және талдау жасау;

        • Тілдік іс-әрекеттің барлық түрлері бойынша сөйлеу, оқу және жазудың коммуникативтік дағдыларына қойылатын талаптарын нақтылау.

ПС магистранттардың білімін тексерудің төмендегі түрлері қарастырылады:



  • Ауызша сұрау – бір немесе бірнеше тақырыптарды оқып үйренгеннен соң сұрақ-жауап түрінде және мән-жайды талдау арқылы жүргізілетін бақылау түрі;

  • Жазбаша бақылау - жеке сұрақтарды болжай отырып, пәннің жекелеген тақырыптары бойынша практикалық тапсырмаларды орындау:

  • Аралас сұрақ – бір немесе бірнеше тақырып бойынша ауызша немесе жазбаша түрде магистранттың білімін бағалау формасы;

  • Үй жұмысымен таныстыру және оны қорғау - тапсырмалардың орындалу дұрыстығын жеке немесе топтастырылған үй тапсырмаларын байқау мақсатында магистранттың білімін бақылауға курс тақырыбының логикалық байланысын сақтай отырып, одан қорытынды шығару және қорғау;

  • Пікірсайыс, тренингтер, дөңгелек үстел – өз бетінше шешім қабылдап, өздігінше ойлау машықтарын көрсете білуді, шешуді қажет ететін келелі мәселелерді топ болып шешу;

  • Тестер - магистранттың оқу процесіндегі жетістіктерін сапалы түрде бағалауды қамтамасыз ететін арнайы формадағы тапсымалар жиынтығы.

Практикалық сабақ тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ тілінің стилистикасы ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Магистранттың білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Магистранттан әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін магистрант көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімнің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезендік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Практикалық сабақ тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегінде өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі практикалық сабақта алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз.

1 семинар тақырыбы: Мәтіннің лексикалық құрамына талдау (2 сағат).


2 семинар тақырыбы: Мәтіннің фонетикалық ерекшелігін, оның мәтінді мәнерлеп оқуға қатыстылығына қарай талдау. (2 сағат):


3 семинар тақырыбы: Мәтін типтері (2 сағат):
Газеттердегі мақалалардың мәтіндерін стилистикалық өңдеуден өткізу.
4 семинар тақырыбы: Мәтіндегі сөз таптарының арақатынасын анықтау. Олардың шығармада айтылатын ойға қатысы. ( 2 сағат):
5 семинар тақырыбы: (2 сағат):
Мәтінді бөлімдерге бөліп, негізгі жоне көмекші тақырыптарды айқындау. Талдау жасау.
6 семинар тақырыбы: Мәтін мазмұнының қандай тәсілмен (баяндау, хабарлау, суреттеу, талқылау, әңгімелесу) берілгендігін айқындау. (2 сағат):
7 семинар тақырыбы: Мәтінді құрайтын сөйлемдерді құрылысына қарай талдау. (2 сағат):
8 семинар тақырыбы: Мәтіндегі эпитет, теңеулер, олардың стильдік қызметін түсіндіру. (2 сағат):
9 семинар тақырыбы: Мәтінге идеялық-композициялық талдау жасау: тақырыбын, идеясын, жанрын, формасын (монолог, диалог). (2 сағат):
10 семинар тақырыбы: Мәтіннің фонетикалық бөліктерін, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін айқындап, әдеби тіл нормасына қатыстылығы тұрғысынан талдау (2 сағат)
11 семинар тақырыбы: Көркем мәтіндегі композициялық баяндау формаларына талдау жасау (2 сағат):
12 семинар тақырыбы: Драмалық шығармаға кешенді тілдік талдау. (2 сағат):
13 семинар тақырыбы: Мәтінге тілдік талдау (2 сағат ):
14 семинар тақырыбы: Автор бейнесіне талдау. (2 сағат ):
15 семинар тақырыбы: Көркем мәтіндегі автор бейнесі (2 сағат ):
Көркем әдебиет тілінің бейнелі құралдарын (лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық) айқындау жұмыстары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет