Леция сапасын арттыру жолдары. Лекция материалдарын дайындау мемлекеттік жалпы білім және жоғары кәсіптік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес пән бойынша түзілген оқу бағдарламасы мен жұмыс жоспарына сәйкес дайындалады.
Лекция даярлау және лекцияны оқу процесінде болашақ маманды даярлаудағы оқытудың мақсаттарын жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар ондағы дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарға да көңіл бөлу қажет. Магистрант жастардың мамандықты меңгеруге деген ынта ықылысын іштей қажетсінуін, ішкі ұмтылысын оятуы, ғылыми және кәсіби тұрғыдан ойлауды дамытуы тиіс.
Лекция магистранттардың өзіндік жұмысқа дейін қосымша әдебиеттерді, электрондық қорларды және т.с.с. материалдарды оқып меңгеруге деген ішкі ықыласын, қызығушылығын оятуы тиіс. Лекция материалдарының сапасын арттыру үшін оқылатын пәннің ғылыми-теориялық мәселелерін кафедра мәжілісінде талқылау қажет. Пәнді оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету үшін басқа кафедралардың оқытушыларымен әдістемелік семинар ұйымдастырылғаны жөн.
Сонымен қатар олардың факультеттің профессорлары мен оқытушыларының қатысуымен магистранттарға сынақ, лекция жүргізіп, сабақтың бағалану жүйесін көрсететін өлшемдердің (критерий) талқылануын ұйымдастыру қажет.