14-ТАҚЫРЫП: Тілдік тұлға
Дәріс жоспары:
1.Автордың тілдік тұлғасы және автор бейнесі
2.Мәтін авторының тілдік тұлғасы.
3.Мәтіннің авторлық кестесі.
Мақсаты: Мәтіндегі тілдік тұлға туралы түсінік.
Қысқаша мазмұны:
Әр мәтіннің сыртында тіл жүйесін меңгерген тілдік тұлға немесе сөйлеу туындысын (мәтінді) тудыруына және қабылдауына қарай адамның қабілеттері мен мінездемелерінің жиынтығы ретінде түсінілетін автордың тілдік тұлғасы тұрады.
Мәтіннің авторға тәуелділігі мәтін авторы – тілдік тұлғаның типімен анықталады, автордың сөйлеу мәдениетінің (элитарлық, әдеби-сөйлеу, орташа әдеби, ауызекі қарапайым, т.б.) қай типіне жататыны, жынысы (әйел, еркек), жасы, мамандығы – бәрі қосыла келіп, оның жеке басының қасиеттерін танытады.
Әрбір нақты жағдайда автор өз позициясын әртүрлі – кейде ашық, кейде сөз арасында, кейде бүркемелей, мазмұндық-концептуалды немесе астарлы мәтінді ақпарат арқылы жеткізеді.
Автордың «мен»-інде автордың тұлғасы ғана танылып қоймайды, «мен» құрылымында (ең алдымен көркем мәтіндерде) автор мен әңгімешінің, автор мен лирикалық кейіпкердің (әсіресе өлеңде) тұлғасының бірігуі мүмкін.
Автор өз позициясын мәтінде автосемантикалық үзіндіде, «еркін» сөйлемдерде ашық айта алады, кейіпкердің мінез-құлқы, көңіл күйі, әлдебір құбылысқа көзқарасы авторға тән болуы мүмкін.
Автордың араласуымен суреттеменің кеңістік, уақыт шекаралары жылжиды.
Мәтінде автордың қатысымының сөздік танылуы автор кестесін құрайды. Т. В. Шмелева оны мәтінде мына элементтермен көрсетеді:
1) әдетте «кадрдың сыртында» қалып қоятын, бірақ өзін таныту үшін мәтіннің ерекше фрагментін ала алатын автор мен адресат «фигураларының» экспликациясы. Мысалы, «автор фигурасының» танылуы;
2) суреттеу үшін іріктеліп алынған тілдік құралдармен, авторландырылған ақпарат құралдарымен және әр қилы авторлық бағалаумен;
3) метамәтінді немесе А.Вежбицкая айтқандай, «мәтіндегі мәтінді» яғни суреттемесін және сонымен бір уақытта оқырманға түсіндіру нұсқаулығы болатын мәтін бөлігін қолдану
Кейбір авторлар иннективті (лат. inectio-«өру») метамәтін құралдарын контекстуалдық (біріншіден, екіншіден, т.б.) және интерперсоналдық (әрине, мүмкін, өкінішке орай, ... қайталау, санамалау, сандық деректер, шрифтпен бөлу, риторикалық сұрақтар және т.б.), деп ажыратады.
Мәтіннің авторлық кестесі оның тілдік ерекшеліктеріне қарай елеулі.
Авторлық кестені елеулі ету-етпеу автордың өзінің қолында.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.
|
2.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 186 б.
|
3.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 228 б.
|
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2011.
|
5.Оразбаева, Э.Б. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
|
6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: Эверо, 2014.- 288 б.
|
7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |