Теңелту муфталар білік осьтерінің бұрыштық және радиалды ауытқуларын қабылдай алады.
Жұдырықшалы – дискілі муфта (3-сурет) жылжымалы айқас қосылатын муфталар қатарына жатады. Бұл муфта жанасу беттерінде диаметр бойымен жанылған ойығы бар екі муфталардан 1,2 және екеуінің арасында өзара перпендикуляр бағытта орналасқан екі бетінде жұдырықшалары бар дискі 3 тұрады. Жиналған муфтада дискінің жұдырықшалары жарты муфталардың ойығына кіріп тұрады.
Жұдырықшалы – дискілі муфталар жай айналатын біліктерді жалғастыруға арналған (250айн/мин дейін). Муфтаның біліктердің радиалды ығысуын 0,004 d, ал бұрыштық ауытқуын 30 дейін мүмкіндігі бар. Жұдырықшалы – дискілі мфталарды біліктердің параллельді ығысуын теңгеру мүмкіндігіне бола қолданады.
Дискіні және жарты муфталарды – болаттан (ст.45) жасайды.
Втулкалы – саусақты муфта (4- сурет) серпімді муфталар қатарына жатады. Втулкалы- саусақты муфта екі жарты муфталардантұрады. Жарты муфталардың біріне резинадан жасалған втулка кигізілген саусақтар бекітілген.
Бұл втулкалар біліктердің осьтік 1-5мм, радиалдық 0,2-0,6мм ығысуын және бұрыштық 10 дейін ауытқуын теңгереді. Серпімді втулкалы -саусақты муфталар иілгіштік қасиетттерге ие, электр тогын өткізбеу және демпрлік қасиеттерінің мүмкіндігінің сипаттамасы-соққы сілкіністен пайда болған энергия көзін жою. Бұл муфталар жұмыста берік және пайдалануға ыңғайлы.
Электор – двигательді машиналарға жалғастырғанда, аз және орташа айналу моменттерін жеткізу барысында кеңінен қолданады. Жарты муфталар ст.35,35Л, саусақтарын ст. 45 маркалы болаттардан жасайды.
Қосушы муфталар двигательді тоқтатып немесе тоқтапастан біліктерді қосып-ажыратып арналған. Жұмысты атқаруына байланысты қосушы муфталар екі түрге: жұдырықшалы және фрикциялық болып бөлінеді.
Жұдырықшалы муфта (5-сурет) қабысу бетінде жұдырықшалары бар екі жарты муфталардан 1 және 2 тұрады. Муфтаның қосылуы екінші біліктің осінің бойымен жылжи алатын жарты муфты 2 арқылы атқарылады. Жұдырықшалы қосушы муфтаның артықшылығы- конструкцияның қарапайымдылығы мен көлемінің өте шығындығы. Муфтаның кемшілігі-біліктердің айналып тұрған кезінде жарты муфталардың бір-біріне қабыса алмайтындығы. Жарты жұдырықшалы муфтаны ст. 20Х немесе ст.20ХН болаттан жасайды.