¦дебиеттер



бет63/64
Дата18.10.2022
өлшемі5,14 Mb.
#153561
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
лек-3бөлім

Призмалы шпонкалар.
Призмалы шпонкалар кернеусiз қосылысқа жатады, олардың жоғарғы бетiнде санылау қалдырылады және айналу моментi бiлiктен күпшекке шпонканың бүйiр қабырғасы арқалы берiледi.



Сурет-1


Сол себептен шпонканың бүйiр қабырғасында жаншылу кернеу және шпонканың қимасында қиылу кернеу пайда болады.Ал кернеу шамасын төмендегiше табуға болады:


h- шпонканың биiктiгi;
d-бiлiктiң диаметрi;
b- шпонканың енi;
- жаншылу кернеуi;
- қиылу кернеуi.
Призмалы шпонкалар конструкциясы бойынша сегменттi және цилиндрлi болып бөлiнедi. Сегменттi шпонканың жұмыс iстеу принципi призмалы шпонкаға ұқсас. Сегменттi қосолған қосылыстардың ерекшелiгi, шпонканы отырғызатын ойықтар онай жасалады және оларды ажыратып, қайта құрастыру да жеңiл түседi.Бiрақ тереңiрек жасалған ойық бiлiктiң қимасы ауданының кемуiнен бiлiктi әлсiретедi. Стандартты шпонкалардың берiктiк шегi 50-МПа-дан кем болмайды, олар көмiртектi және легирленген болаттардан жасалады.


6.4 Шлицтi қосылыстар.
Шлицтi қосылыстар деп күпшектiң iшкi бетiндегi тiстердiң дәл сол пiшiндес етiп жасалған бiлiк бетiндегi ойықтарына отырғызылған қосылысты атайды.Былайша айтқанда оларды көп шпонкалы қосылыс түрiнде қарастыруға болады. Шлицтi қосылыстардың шпонкалы қосы-лыстарға қарағанда көптеген артықшылығы бар. Бiрiншiден, шлицтi қосылыс шпонкалы қосылыстан берiк келедi, сондықтан ол ауыр жүк түсетiн қосылыстарда қолданылады. Екiшшiден, бiлiктерге отырғызыл-ған бөлшектер ось бойымен еркiн қозғала алады.
Сонымен қатар, оның кемшiлiгi де бар:
а) ось бойымен бағытталған күштердi қабылдай алмайды,
б) тiстердiң бiрдей дәлдiкте жасалмауынан әсер етушi күштер шлицтердiң барлығына бiрдей таралмайды.
Қосылыстар өздерiнiң пiшiнiне байланысты төртбұрышты, үшбұрышты эвольвенттi болып бiрнеше түрге бөлiнедi.
Шлицті қосылыстар( сурет-2 ) профилі бойынша:
Төртбұрышты (а) - шлиц саны Z = 6, 8, 10, 12;
звольвентті (б)- шлиц саны Z = 12, 16 және оданда көп;
үшбұрышты (в) - шлиц саны Z = 24, 36 және оданда көп;

Сурет -2

Білікке отырғызылған бөлшектерді центрлеу амалдарына байланысты бөлінеді. Центрлеу бүйір қырлары(сурет-2в), тістердің ішкі және сыртқы диаметрі арқылы(сурет –2б, а) іске асырылады:



Сурет-3


Шлицтердiң өлшемдерiн бiлiктердiң диаметрне байланысты СТСЭВ 188-75 стандарты бойынша алуға болады.Шлицты қосылыстар жаншылуға есептеледi.

k - күштiң шлицтерге бiркелкi түспейтiнiн есептейтiн коэффицент
z - шлицтер саны;
A - шлицтiң жұмыс iстейтiн беттерiнiң проекциясы,
l - шлицтiң жұмыс бетiнiң ұзындығы,
- орташа радиусы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет