Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Негізгі құралдарды бағалау бойынша шоттар байланысы



бет58/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

Негізгі құралдарды бағалау бойынша шоттар байланысы




Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Түскен ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнын есепке алу

2310-2380 Негізгі құралдар

3210 Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

2.

Қайырымдылық жəне демеушілік көмек ретінде алынған негізгі құралдар

2310-2380 Негізгі құралдар

6050 Демеушілік жəне қайырымдылық көмектен алынатын кірістер

3.

Мемлекеттік мекемелер арасында негізгі құралдарды беру

2310-2380 Негізгі құралдар

6330 Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы

4.

Бір бюджеттік бағдарламалар əкімшісіне ведомстволық бағынысты

мемлекеттік мекеме- лер арасында негізгі құралдарды алу

2310-2380 Негізгі құралдар

5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы

5.

Шығындалған ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнын есептен шығару

7420 Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар

2310-2380 Негізгі құралдар

6.

Шығындалған ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы

2310-2380 Негізгі құралдар

7.

Өткен кезеңдерде құнсыздануға резерв жасалған болса, онда шығындалған ұзақ мерзімді активтерге қатысты сомасы есептен шығарылады

2392 Негізгі құралдардың құнсыздануына резерв

7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

Қайта бағалау бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган белгіленгенкезең мен мерзімде өткізіледі, бірақ негізгі құралдардың əр ныса- ны бойынша жеке 3-5 жыл жиілігімен өткізіледі.

Негізгі құралдар нысанын қайта бағалау кезінде осы актив жататын негізгі құралдардың барлық сыныбы (тобы) қайта бағаланады.

Жер мен ғимараттардың əділ құны деп кəсіби бағалаушылар орындаған, бағалау жолымен анықталатын олардың нарықтық құны болып табылады.

Машиналар мен жабдықтар санаттарының əділ құны, əдетте бағалау жолы- мен анықталатын олардың нарықтық бағасы болып табылады.

Машиналар мен жабдықтың арнайы сипаттағы себебі бойынша немесе осы активтердің сатылуы сирек болу себепті нарықтық құн туралы ақпарат болмағанда, тозуын ескере отырып, олар нақты құны бойынша бағаланады.

Жүргізілген қайта бағалау нəтижесінде активтер сыныбының баланстық құнының артуы таза активтерге/капиталға жатқызылады жəне Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының дебеті жəне 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Қайта бағалаудан осы актив нысанының құнының азаюы бұрын танылса, онда негізгі құрал құнының артуы ағымдағы жылдың қаржы нəтижесіне бұрын қаржы нəтижесінің құрамында танылған сол активтің қайта бағалау құнының азаю сомасын қалпына келтіре- тін мөлшерде жатқызылады.

Егер негізгі құралдардың баланстық құны қайта бағалау нəтижесінде азайса, онда мұндай азаюдың сомасы ағымдағы жылдың қаржы нəтижесінде көрсетіледі. Алайда, бұл азаю осы активке жататын негізгі құралдардың қайта бағалауға резервте көрсетілген, бар кредиттік қалдығы мөлшерінде таза актив- терге/капиталға жатқызылады.

Негізгі құралдар объектісін қайта бағалау кезінде, қайта бағалау күніне кез келген жинақталған амортизация:


  • не активтің баланстық құнының барабар өзгеруіне қарай қайта есептеледі (активтің алғашқы құны мен жинақталған амортизация сомасы қайта бағалауға дейін баланстық құнға қайта бағаланған құнның қатысына тең бір көрсеткішке көбейеді). Жинақталған амортизацияның түзету сомасы: 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының кредиті жəне 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті бойынша жазумен көрсетіледі;

  • не активтің баланстық құны анықталады, бұл ретте 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шоты дебеттеледі жəне активтің қайта бағаланған құнына дейін қайта есептелетін Шоттар жоспары- ның «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі (бұл əдіс ғимараттар үшін жиі пайдаланылады).

Қайта бағаланған негізгі құралдарды пайдалану шамасына қарай жете бағалау сомасы қаржылық нəтижеге есептен шығарылады: 5111 «Негізгі

құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының дебеті жəне

5210 «Есепті жылдың қаржылық нəтижесі» шотының кредиті.

Алғашқы құнның өзгеруі есепке алу моделін таңдауға байланысты емес, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешіміне сəйкес активтерді қайта бағалау жағдайында ғана рұқсат етіледі.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет