Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Негізгі құралдардың қаржылық есептілікте ашылуы



бет61/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

Негізгі құралдардың қаржылық есептілікте ашылуы

Бухгалтерлік баланста 096 «Негізгі құралдар» жолы бойынша негізгі құралдардың жинақталған амортизацияны жəне негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резервті шегергендегі құны (097, 098, 101, 102, 103, 104, 105, 106-жолдардың сомасынан 110-жолды алып тасталып) көрсетіледі.

Қаржылық жалға алынған негізгі құралдар осындай қосалқы шоттарда көрсетіледі жəне бухгалтерлік баланс валютасына енгізіледі.

Операциялық жалға алынған негізгі құралдар бұл жолға енгізілмейді жəне



01 «Жалданған активтер» баланстан тыс шотында ескеріледі.

  1. «Жер» (2310) жолы бойынша меншік құқығы таратылатын топырақ жамылғылары мен жер үсті суларын қоса алғандағы жер учаскелері құнының қалдығы көрсетіледі.

  2. «Ғимараттар» (2320) жолы бойынша 099, 100-жолдардың сомасы көрсетіледі.

Осы жолда нысанның функционалдық мақсатына қарай адамдардың неме- се жануарлардың жасауы, тұруы, заттарды сақтау үшін тіреу жəне қоршау не- месе бірлестірілген (тіреу жəне қоршау) құрастырмаларынан тұрақты негізде нысандар түрінде салынған ғимараттардың құны көрсетіледі.

  1. «Тұрғын емес үй ғимараттары» жолы бойынша тұрғын емес үй ғимараттарының құны көрсетіледі.

  1. «Тұрғын үй ғимараттары» жолы бойынша тұрғын үй ғимараттарының құны көрсетіледі.

  2. «Құрылыстар» (2330) жолы бойынша құрылыстардың құны жеке топтарға: энергетикалық қондырғылар, электр станциялары, химиялық жəне аралас кəсіпорындардың құрылыстары, өзге өндірістік құрылыстар; спорттық құрылыстар мен демалыс орындары; азаматтық құрылыстың өзге нысандары- на бөле отырып көрсетіледі.

  3. «Беріліс құрылғылары» (2340) жолы бойынша олардың көмегімен электр, жылу жəне механикалық энергияны беру, сондай-ақ магистраль- ды өткізу құбырларын, байланыс желілерін жəне энергетикалық (кабельді) желілерді білдіретін сұйық жəне газ іспеттес заттарды беру (тасымалдау) жүргізілетін құрылғылардың құны көрсетіледі.

  4. «Көлік құралдары» (2350) жолы бойынша көлік құралдарының барлық түрлерінің құны көрсетіледі.

  5. «Машиналар мен жабдықтар» (2360) жолы бойынша машиналар мен жабдықтардың құны көрсетіледі.

  6. «Аспаптар, өндірістік жəне шаруашылық құралдар» (2370) жолы бойынша аспаптардың, өндірістік жəне шаруашылық құралдарының құны көрсетіледі.

  7. «Өзге негізгі құралдар» (2380) жолы бойынша 107, 108, 109-жолдардың сомасы көрсетіледі.

  8. «Мəдени мұра активтері» жолы бойынша мəдени мұра активтерінің құны көрсетіледі.

  9. «Кітапханалық қор» жолы бойынша кітапхана қорының сомасы көрсетіледі.

  10. «Өзге негізгі құралдар» жолы бойынша баланстың басқа баптарына жатқызылмаған өзге негізгі құралдар құны көрсетіледі.

  11. «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы» (2390) жолы бойынша 111, 112-жолдардың сомасы көрсетіледі.

  12. ««Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» жолы бойынша негізгі құралдардың жинақталған амортизациясының құны көрсетіледі.

  13. «Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» жолы бойын- ша негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв сомасы көрсетіледі.

Түсіндірме жазбаның «Негізгі құралдар» деген 5-кестесінің 11-бағанының 040 «Есепті кезеңнің басындағы сальдо теңгерімдік құнымен» деген жолындағы деректер бухгалтерлік теңгерімнің 3 «Есепті кезеңнің басындағы» деген бағанының 114 «Негізгі құралдар» деген жолындағы сомаға тең. Жəне тиісінше Түсіндірме жазбаның «Негізгі құралдар» деген 5-кестесінің 11-бағанының 041

«Есепті кезеңнің аяғындағы сальдо теңгерімдік құнымен» жолындағы дерек- тер бухгалтерлік теңгерімнің 4 «Есепті кезеңнің аяғындағы» деген бағанының 114 «Негізгі құралдар» деген жолындағы сомаға тең

Қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасында ақпараттың ашылуы қамтылады жəне қаржылық жəне бюджеттік есептіліктердің деректерін салыстыруға мүмкіндік береді. Мəселен, есептеу əдісін қолдану кезінде ұзақ мерзімді активтер бухгалтерлік теңгерімде теңгерімдік құнымен көрсетілуі тиіс.

Түсіндірме жазбада ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы бойынша көрсеткіштердің 5-б «Ұзақ мерзімді активтер активтердің қозғалысы туралы есеп» нысаны бойынша бастапқы құнымен бюджеттік есептілік деректерімен салыстыру жүргізіледі.

Түсіндірме жазбадағы басқа активтер бойынша деректер де бухгалтерлік теңгерімде осылай салыстырылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет