Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар есебі



бет77/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар есебі


7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімінің шот- тарында мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жəрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі [.4-кесте].4-кесте

Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар есебі




Операцияның мазмұны

Дт

Кт

1

Төмен тұрған бюджет есеп беру негізінде трансферттерді есеп- тен шығару

7210 Трансферттер бойынша шығыстар

1211 Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек 1212 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек 1213 Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

2

ЗТМО есеп беру негізінде зейнетақы, жəрдемақы үшін шығыстарды есепке алу

7220 Зейнетақы мен жəрдемақы төлеу бойынша шығыстар

1216 Зейнетақылар мен жəрдемақылар төлеуге трансферттер

бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек



3

Мемлекеттік мекемелердің шығыстарына суб- сидияларды есептен шығару

7230 Субсидиялар бойынша шығыстар

1214 Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек 1215 Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

Алынған трансферттердің қаражаты есебіненжүргізілген шығыстарды есеп- тен шығару төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің есептері негізінде мынадай жазбамен жүзеге асырылады: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 1210 «Бюджеттік төлемдер бойын- ша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.

Зейнетақылар мен мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар төлеу бойынша іс жүзінде жүргізілген шығыстар 7220 «Зейнетақы мен жəрдемақы төлеу бойын- ша шығыстар» шотының дебеті жəне 1216 «Зейнетақылар мен жəрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлықберешек» қосалқы шотының кредиті бойынша ескеріледі.

Жеке жəне заңды тұлғаларға төленген субсидиялар бойынша шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен көрсетіледі: 7230 «Субсидиялар бойынша

шығыстар» қосалқы шотының дебеті жəне 1214 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1215 «Заңды тұлғаларға суб- сидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет