Бюджетке төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
№
|
Операция мазмұны
|
Дт
|
Кт
|
1
|
Еңбекақыдан жеке табыс салығын ұстап қалу
|
3241 Еңбекақы төлеу бойынша
қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
|
3121 Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
|
2
|
Əлеуметтік салықты есептеу
|
7040 Əлеуметтік салыққа арналған шығыстар
|
3122 Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
|
3
|
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді есептеу
|
7140 Өзге операциялық шығыстар
|
3123 Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
|
4
|
Есептелген салықты аудару
|
3121 Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек 3122 Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
|
1081 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары
|
Бюджетке əлеуметтік салық төлеген кезде 3122 «Əлеуметтік салық бойын- ша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты дебеттеледі жəне ақша қаражаты шотының тиісті қосалқы шоты кредиттеледі.
Бюджетке қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем сомасын, мемлекеттік баж бойынша жəне басқа төлемдер бойынша төлем сомасын есептеу мына- дай жазбамен жүргізіледі: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебеті жəне 3123 «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3124 «Бюджетке өзге салықтар жəне басқа да міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Есептелген соманы аудару мынадай тізбекпен көрсетіледі: 3123 «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша қысқа мерзімді кредиторлық бере- шек», 3124 «Бюджетке өзге салықтар жəне басқа да міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне Шот- тар жоспарының «Ақша қаражаты жəне олардың баламалары» бөлімшесі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.
Қызметкерлердің əлеуметтік сақтандыруға аударымдары міндетті
əлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде жүргізіледі.
Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына міндетті əлеуметтік есеп- теулер сомасын есептеу мынадай жазбалармен жүзеге асырылады: 3122
«Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 3141 «Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына міндетті əлеуметтік аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық бере- шек» қосалқы шотының кредиті; 3141 «Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына міндетті əлеуметтік аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1081 «Жеке қаржыландыру жоспа- ры бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме əлеуметтік салықты есептеуді мынадай жазбамен көрсетеді: 7040 «Əлеуметтік салыққа арналған шығыстар» шотының дебеті жəне 3122 «Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жəрдемақы есеп- теу мынадай жазбамен көрсетіледі: 3244 «Уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнінде қызметкерлерге əлеуметтік жəрдемақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша есептелген жəрдемақы сомасына əлеуметтік салық бойынша берешектің азаюы мына- дай жазбамен көрсетіледі: 3122 «Əлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 3244 «Уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнінде қызметкерлерге əлеуметтік жəрдемақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жəрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген нормалар шегінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |