7-ТАҚЫРЫП
КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ
Жоспар
Бюджетке төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
Бюджетке өзге де міндетті жəне ерікті төлемдер бойынша өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық бере- шек – бюджеттің кірісіне өткізуге жататын кірістер
Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық бе- решек
Есептелген сыйақылардың (қаламақылардың) есебі
Кредиторлық берешектің қаржылық есептілікте ашылуы
Бюджетке төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
Шаруашылық операциялардың нəтижесінде қалыптасқан мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешегі басқа мемлекеттік мекемелерді, жеке жəне заңды тұлғаларды қоса алғанда мемлекеттік мекеме басқа тұлғаларға төлеуі тиіс сома ретінде анықталады
Кредиторлық берешекпен жасалатын операцияларды есепке алуға мына- дай шоттар арналған:
3110 «Бюджеттен төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
3120 «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
3130 «Бюджетпен есеп айырысубойынша қысқа мерзімді кредиторлық бе- решек»;
3140 «Басқа да міндетті жəне ерікті төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық бе- решек»;
3220 «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
3230 «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»; 3240 «Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»; 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар»;
3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»; 3270 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
4110 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық бе- решек»;
4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»; 4130 «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешектер».
3110 – «Бюджеттен төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты, мұнда бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есепке алынады. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
3111 – «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
3112 – «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне бөлген нысаналы ағымдағы трансферттер жəне нысаналы даму трансферттері бойынша бір жыл мерзімге дейінгі қаражаттарының қозғалысы есепке алынады;
3113 – «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда дамытуға нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есепке алынады;
3114 – «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредитор- лық берешек», онда бір жылға дейінгі жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша есеп айырысулар есепке алынады;
3115 – «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда бір жылға дейінгі заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша, оның ішінде бір жылға дейінгі шаруа қожалықтары жəне фермерлік шаруашылықтарға субсидиялар бойынша есеп айырысулар есепке алынады;
3111 – «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», онда республикалық бюджеттен бір жыл мерзімге дейінгі жеке тұлғалармен жасалатын есеп айырысулар үшін əлеуметтік төлемдер жəне əлеуметтік көмектер бойынша қызметкерлер мен қызметшілерге еңбекте алған жарақат, не болмаса заңнамаға сəйкес олардың еңбектегі мiндеттерiн орындауға байланысты өзге де денсаулығын зақымдаған залалдың орнын толтыру, қаза болған, қайтыс болған əскери қызметшілердің ата-анала- рына, асырап алушыларына, қамқоршыларына төленетін біржолғы төлемдер бойынша, əскери қызметшілерге (мерзімді əскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ ішкі істер органдарының шұғыл-іздестіру, тергеу жəне саптық бөлімшелері, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Рес- публикасы Əділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстау жəне коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды төлеу үшін берілетін ақшалай өтемақы бойынша, жеке тұлғаларға өзге де трансферттер бойынша ақша қаражаттары есепке алынады.
Есеп айырысу-төлем ведомосі бойынша есептелген өтемақы сомасына мы- надай жазба жүргізіледі: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» дебеті жəне 3111 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті, өтемақы төлеу кезінде – 3111 «Жеке
тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне
1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспар- лы тағайындаулар»шотының кредиті [7.1-кесте].
7.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |