6100 «Айырбас операциялардан алынатын кірістер»
6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алы- натын кірістер»;
6200 «Активтерді басқарудан алынатын кірістер»
6210 «Сыйақылар бойынша кірістер»;6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер»;
6300 «Өзге кірістер»
6310 «Əділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер»;
6320 «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер»; 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер»; 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер»;
6350 «Шеккен зиянды өтеуден алынатын кіріс»; 6360 «Өзге кірістер»
Айырбасталмайтын операцияларды жүргізу кезінде мекеме ресурстар ала- ды жəне қандай да бір нысандағы өтемақыны айырбастауға бермейді.
Айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістер белгілі шарттармен шектелмеген айырбасқа шамамен тең құнды тікелей ұсынусыз активтердің артуын білдіретін мемлекеттік мекеменің алуына жататын немесе алынған экономикалық пайдалардың немесе сервистік əлеуеттің жалпы түсімін білдіреді.
Мемлекеттік мекемелердің кірістері:
Айырбасталмайтын операциялардан кірістердің жалпы белгісі ақша қаражаты бір заңды тұлғадан басқаға айырбастау кезінде бағасы бірдей құнды қамтамасыз етусіз аударылады жəне салықтар болып табылмайды.
Мемлекеттік мекеме операция нəтижесінде алынған активті ресурс- тар үстінен бақылау алғанда таниды (тəуекелдер мен пайдалар) ол актив анықтамасымен жəне тану өлшемдерімен келісіледі.
Мемлекеттік мекеме айырбасталмайтын операция нəтижесінде активті та- ныса, сондай-ақ міндеттемені тану талап етілмесе, сондай-ақ актив сомасына балама, сатып алу мерзіміндегі нақты құн бойынша бағаланған кіріс те таны- лады.
Достарыңызбен бөлісу: |