Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Мемлекеттік мекемелердегі негізгі құралдардың сатылуын корреспонден- циялары



бет60/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

10.2-кесте

Мемлекеттік мекемелердегі негізгі құралдардың сатылуын корреспонден- циялары:




Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Бұрын бюджеттік қаржыландыру есебінен сатып алынған негізгі құралдарды сатқан жағдайда

7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар»

2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы»

2

Шығындалған ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы

2320-2380 Негізгі құралдар

3

Жарамсыздығы келген ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы

2320-2380 Негізгі құралдар

4

Тозығы жеткен ұзақ мерзімді активтерді есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы

2320-2380 Негізгі құралдар

5

Тозығы жеткен ұзақ мерзімді активтердің құнсыздану резервін есептен шығару

2392 Негізгі құралдардың құнсыздануына резерв

7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бұл соманы қолданудың өзге тəртібі белгіленбесе, активтерді сатудан түсетін соманы мемлекеттік мекемелер бюджет кірісіне аударады жəне есепте көрсетеді: 1231

«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті жəне 3131 «Активтерді сатудан түсетін кіріс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.

Негізгі құралдардың жетіспеушілігін анықтаған кезде жазбамен оларды есептен шығару жүргізіледі:


  • жетіспейтін негізгі құралдар бойынша күрделі салымдарды қаржыландырудың қалдығы есептен шығарылады: 5011 «Күрделі салымдар- ды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының дебеті жəне Шот- тар жоспарының 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті;

  • жетіспейтін негізгі құралдардың баланстық құны есептен шығарылады: 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар» шотының дебеті жəне 2300 «Негізгі құралдар» шоты тиісті қосалқы шоттары- ның кредиті;

  • жинақталған амортизация есептен шығарылады: 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті жəне Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының (жинақталған амортизацияның сомасына) тиісті қосалқы шотының кредиті.

Құнсызданудан бұрын есептелген резерв болған кезде, оның есептен шығуы шығып қалған ұзақ мерзімді активтер бойынша жүзеге асырылады: 2392

«Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының дебеті жəне 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының кредиті. Керісінше қайта бағаланған негізгі құрал шығып қалған жағдайда пайдаланған уақытта қаржылық нəтижеге ауыстырылмаған жете бағалау со- масы қалдығын есептен шығару жүргізіледі: 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының дебеті жəне 5210 «Есепті жылдың қаржылық нəтижесі» шотының кредиті.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет