Негізгі құралдардың бастапқы бағалануы жəне есебі
Негізгі құрал нысанының құны: осы нысанға байланысты мемлекеттік мекемеге болашақ экономикалық пайда мен əлеуеті бар қызметтің түсуіне ықтималдық болғанда, іс жүзіндегі шығындарды немесе нысанның əділ құнын сенімді өлшеу мүмкін болса, актив деп танылуы мүмкін.
Негізгі құрал түскен кезде мемлекеттік мекеме активті иеленуде қандай шамада пайда мен тəуекел болатынын бағалайды. Бұл ретте:
егер активті иеленуден тəуекел мен пайда алу көбірек болса, мемлекеттік мекеме активті мойындайды;
егер активті иеленуден тəуекел мен пайда алу аз болса, мемлекеттік ме- кеме активтің түсуін мойындамайды;
егер активті иеленуден пайда мен тəуекел алу аз болса, мемлекеттік мекеменің актив үстінен бақылау дəрежесі бағаланады;
егер мемлекеттік мекемеде бақылау құқығы туындаса, мемлекеттік ме- кеме активті таниды;
егер бақылау құқығы беруші тарапта қалса, мемлекеттік мекеме активті сатып алуды мойындамайды.
Егер мемлекеттік мекеме активті иеленуден барлық пайдаларды алса, бірақ активті иеленуге байланысты барлық тəуекелдер тапсырушы тарапта қалса, актив тапсырушы тараптың есебінде қала береді. Меншік құқығының ауысу- ын мемлекеттік тіркеу қажет болған жағдайларда шарттағы талаптарға көңіл аудару қажет, атап айтқанда:
егер шарт талаптары бойынша активті иеленуден пайдалар мен тəуекелдер актіге қол қойған сəтте сатып алушыға ауысса, онда бұл жағдайда активтің шығып қалуы активті акті бойынша беру күніне көрсетіледі;
егер шарт талаптары бойынша активке иелік етуге байланысты тəуекел- дер меншік құқығының ауысуын мемлекеттік тіркеген сəтке дейін беруші тарапта қалса, онда бұл жағдайда активті есептен шығару тіркеу күніне көрсетіледі.
Активтерді тану өлшемдеріне жауап беретін мəдени мұра активтері ба- ланста танылады, мəдени мұраның өзге активтері Шоттар жоспарының 09
«Мəдени мұра активтері» балансталған шотында ескеріледі (мысалы: тарихи ғимараттар мен монументтер, археологиялық қазбалар орындары, қорлар мен табиғи қорғау аймақтары, сондай-ақ өнер туындылары).
Мемлекеттік мекеме мəдени мұра активтерін бухгалтерлік есепте егер:
олардың мəдени, экологиялық, ағартушылық жəне тарихи құндылықтары тек нарықтық бағаға негізделген қаржы құнымен толық көрсетілмесе;
заңды міндеттемелер тыйым салуларды жəне сату жолымен шығып қалуға салмақты шектеулер туындатады;
олар жиі ауыстырылмайтын болып табылады жəне олардың физикалық жағдайы төмендесе де, құндылықтары уақыт өте өсе алады;
кейбір жағдайларда бірнеше жүз жыл жасалатын олардың пайдалы қолдану мерзімін белгілеу күрделі.
Түгендеу нысаны негізгі құралды бухгалтерлік есепке алудың бірлігі бо- лып табылады. Негізгі құралдың түгендеу нысаны деп барлық жабдықтаулары мен керек – жарақтары бар нысан немесе белгіленген өзіндік функцияларды орындауға арналған жеке конструктивті жекеленген зат немесе бірыңғай бүтін жəне белгіленген жұмыстарды орындауға арналған заттардың конструктивті жекелеген кешені танылады.
Егер жер мен ғимарат жеке активтер болып табылса, олар бөлек ескеріледі. Кітапханалық кітаптар, компьютерлік қосымша құрылғылар мен жабдықтаудың кішігірім бөлшектері сияқты жеке маңызды емес жиынтық бірліктер үшін мемлекеттік мекеме жиынтық құнның өлшемдерін қолдана ала-
ды.
Конструктивті бөшектенген заттардың кешеніне жалпы тағайындаулары мен жалпы басқарулары немесе бір іргетаста жөнделген бір немесе əртүрлі тағайындаудың бір немесе бірнеше заттары, осының негізінде кешенге əр кіруші зат тек кешен құрамында өз функцияларын орындай алады, бірақ жеке емес.
Бірнеше нысанды бір кешенге жатқызу техникалық мамандар растаған жо- балау құжаттамасының негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Негізгі құралдардың нысаны алғаш танылған кезде өзіндік құны бойын- ша көрсетіледі. Кітапханалар қорына енгізілген кітаптар, оқулықтар мен басқа баспалар олардың алғашқы түптеу құнын қоса алғанда атаулы бағасы бойын- ша ескеріледі.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құны:
сатып алуға саудалық жеңілдіктер мен түсірулерді алып тастағаннан кейін, импорттық баждар мен қайтарылмайтын салықтарды (акциздер, қосылған құн салығы, кедендік баждар мен басқа салықтар) қосқанда, оның сатып алынған бағасы кіреді;
учаскеге активті жеткізуге жəне мақсатына қарай жұмыс қалпына келтіру үшін жағдай дайындауға тура жататын кез келген шығындар;
ол орналасқан учаскені қалпына келтіруге, объектіні қайта жөндеуге жəне ауыстыруға арналған есептік шығындар.
Тікелей сипатты шығындарға мыналар жатады:
учаскені дайындауға жұмсалатын іс жүзіндегі шығындар;
жеткізу мен түсіруге жұмсалатын алғашқы шығындар;
орнату мен монтаждауға жұмсалатын шығындар;
осы орынға активті тасымалдаған уақытта жасалған нысандар мен жағдайлардың кірісін (мысалы, жабдықты сынау кезінде үлгілерді тексеретін өндіріс) алып тастағанда, активті сынауға жəне оның тиесілі қызмет етуін сынауға жұмсалатын шығындар;
кəсіби қызметтерге жұмсалатын шығындар жəне өзге шығындар. Негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілетін шығындар болып табыл-
майтын іс жүзіндегі шығындарға мыналар жатады:
жаңа ғимаратты ашуға жұмсалатын шығындар;
қызметтер немесе жаңа өнім өндірісін енгізуге жұмсалатын шығындар (тауарды жылжыту бойынша шараларға жəне жарнамаға жұмсалатын шығындар);
əкімшілік немесе өзге жалпы жүкқұжат шығындары.
Негізгі құралдар нысандарының баланстық құнына енгізілетін шығындарды тану нысаны тікелей мақсаты бойынша қолдануға дайын болғанда тоқтатылады. Мынадай шығындар негізгі құралдардың баланстық құнына енгізілмейді:
нысан жұмыс істейтін қалпында қолданысқа енуі тиіс немесе толық емес қуаттылыққа жұмыс істейді деген жағдайлармен туындаған шығындар;
нысаны өндірісіне сұраныс артқан уақытта шегілген алғашқы операциялық шығын;
мемлекеттік мекемелердің барлық операцияларының бір бөлігін немесе барлығын ауыстыруға, қайта ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар.
Егер актив айырбасталмайтын операция жолымен, яғни қайтарусыз негізде сатып алынса, оның өзіндік құны деп сатып алу мерзіміндегі əділ бағасы таны- лады. Бұл ретте нөлдік немесе атаулы баға бойынша сатып алынған жəне əділ құны бойынша танылатын негізгі құралдар нысандарын таныған кезде баға қайта есептеу болып табылмайды.
Негізгі құралдар нысаны басқа активке айырбасқа сатып алынса, алынған нысанның іс жүзіндегі құны оның əділ құны тең баға бойынша қабылданады, ол тапсырылған активтің ақша қаражаты мен олардың баламаларының төленген сомасына түзетілген əділ құнына тең келеді. Жаңа активтің анықталған əділ құны мен оған айырбасқа берілген активтің баланстық құны арасындағы айыр- ма айырбастау операциясынан кіріс немесе шығысты құрайды.
Алынған активтің де, жіберілген активтің де əділ құны сенімді бағалана алмаса, онда негізгі құралдардың сатып алынған нысанның құны жіберілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады. Бұл ретте алынған нысанды құнсыздану тұрғысынан тексеру қажет.
Мемлекеттік мекеме негізгі құралдар нысанының түсімін Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының дебеті жəне мыналардың:
бюджеттік қаржыландыру есебінен немесе ақылы қызметтерден, демеушілік жəне қайырымдылық көмек есебінен сатып алу құны бойынша
–3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының;
əділ құн бойынша – қайырымдылық жəне демеушілік көмек ретінде алынған 6050 «Демеушілік жəне қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» шотының;
əділ құн бойынша үшінші тұлғаларға қайтарусыз беру нəтижесінде алынған; сондай-ақ баланстық құн бойынша мемлекеттік мекемелер арасында негізгі құралдарды беру нəтижесінде 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотының, бұл ретте жинақталған амортизация сомасына 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті бойынша бір уақытта жазба жүргізіледі;
бір бюджеттік бағдарламалар əкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасында бұрын қаржыландыру есебінен сатып алынған (баланстық құн бойынша) негізгі құралдарды беру нəтижесінде алынған 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті бойынша негізгі құралдар нысандарының түсімін көрсетеді, бұл ретте жинақталған амортизация сомасына 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті бойынша бір уақытта жазба жүргізіледі [10.1-кесте].
10.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |