Негізгі құралдар бойынша жасалған операцияларды құжаттау
Мемлекеттік мекемеде активтер түскен кезде негізгі құралдар объектілері- нің іске қосылуын жəне инвестициялық жылжымайтын мүліктің пайдалануға
берілуін есепке алу үшін жəне олар ауыстырылған кезде үнемі тұрақты жұмыс істейтін комиссия əр жеке объектіге немесе объекті құрауышына екі данада Нысандар альбомының НҚ-1 нысанды актісін жасайды.
Материалдық жауапты тұлға бухгалтерлік қызметке бас бухгалтердің қол қоюы жəне мемлекеттік мекеме басшысының немесе оған уəкілеттік бер- ген тұлғалардың бекітуі үшін қоса берілген техникалық құжаттамасы бар ресімделген актіні береді.
Негізгі құралдарды есепке алу түгендеу нысандары бөлінісінде олардың сақталу орындары мен жауапты тұлғалары бойынша жүргізіледі. Негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру жəне сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін кітапханалық қорлардан басқа əр нысанға (затқа) түгендеу нөмірі беріледі. Талдамалы есеп негізгі құралдар нысандары есепке алуға, ауыстыруға, түгел жабдықтауға, қайта жөндеуге, жаңғыртуға, күрделі жөндеу мен есептен шығару жөніндегі құжаттардың негізінде толтырыла- тын түгендеу карточкасында жүргізіледі. Түгендеу нөмірлері негізгі құралдар нысандарына олардың түсу шамасына қарай реттік-сериялық жүйе бойынша беріледі. Түгендеу нөмірі он белгіден тұрады: бірінші төрт белгі – шотты/ қосалқы шотты, бесінші – топты жəне соңғы бес белгі – заттың топтағы реттік нөмірін білдіреді. Топтар белгіленбеген шоттар/қосалқы шоттар бойынша төртінші белгі нөлмен белгіленеді. Түгендеу нөмірлерінің тізбесін мемлекет- тік мекеме басшысы бекітеді.
Түгендеу объектісі күрделі болып табылғанда, яғни онымен бір бүтінді құрайтын сол не өзге реттелген элементтерді қосқанда, əр осындай элементте негізгідегідей оларды біріктіретін объектідегі сол түгендеу нөмірі белгіленуі тиіс. Түгендеу нөмірі объектіге бекітілетін жетонда немесе бояумен неме- се өзге тəсілмен белгіленеді. Объектіге (затқа) берілген түгендеу нөмірі осы мемлекеттік мекемеде болған кезең бойы онда сақталады.
Шығып қалған немесе жойылған түгендеу объектілерінің нөмірлері басқа нысандарға берілмеуі тиіс.
Барлық негізгі құралдар мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған лауазымды тұлғалардың жауапты сақталуында болуы тиіс. Негізгі құралдар нысандарының сақталуына жауапты тұлғалар Нысандар альбомының НҚ-13 нысаны бойынша нысан бойынша негізгі құралдардың жəне инвестициялық жылжымайтын мүліктің түгендеу тізімін жүргізеді.
Жауапты тұлғалар негізгі құралдардың сақталуын қадағалайды жəне барлық өзгерістердің есебін жүргізеді.
Жауапты тұлға ауысқан кезде, оның сақтауындағы негізгі құралдарды түгендеу жүргізіледі, ол туралы Нысандар альбомының НҚ-1 «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі» нысаны бойынша негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі жасалады, оны мемлекеттік мекеме бас- шысы бекітеді.
Нысанының немесе ұзақ мерзімді активтер нысандар тобының бір
құрылымдық бөлімшеден екіншісіне ішкі ауысуын ресімдеу, нысанды неме- се негізгі құралдар нысандары топтарын қоймаға қабылдауды ресімдеу үшін немесе қоймадан (қордан) қолданысқа беру үшін нысандар альбомының 434 нысанды жүкқұжаты (талабы) қолданылады.
Жеке түгендеу нысаны деп оған тиесілі барлық құрылғыларымен жəне жабдықтарымен бірге аяқталған конструктивті құрылғы немесе белгіленген жеке функцияларды орындау үшін конструктивті оқшауланған зат неме- се белгіленген жеке функцияларды орындау үшін оқшауланған зат немесе бірыңғай жалпылықты білдіретін жəне белгіленген жұмысты бірлесе орын- дайтын конструктивті жиналған заттардың реттелген кешені болып табылады.
«Ғимараттар» қосалқы шоты бойынша түгендеу нысандары деп жеке тұрған ғимарат болып табылады. Ғимарат құрамына ғимарат ішіндегі жылытуға арналған бу қазандығы қондырғысын қоса алғанда жылу жүйесі (егер соңғысы ғимараттың өзінде болса), су мен газ құбырының ішкі желісі жəне барлық құрылғылары бар кəріздеулер, барлық жарықтандыру арматуралары бар жарық беруші өткізгіштің ішкі қондырғысы, ішкі телефондық жəне дабылдау желілері мен жалпы санитарлық маңыздылығы бар желдеткіш қондырғылары, көтергіштер (лифттер) сияқты, оны қолданысқа беруге қажет ғимарат ішіндегі барлық коммуникациялар кіреді.
Егер ғимараттар бір-бірімен қиылысса жəне қабырғасы жалпы болса, бірақ бір дербес конструктивті тұтастықты білдірсе, олар жеке түгендеу нысандары болып табылады.
Аула алдындағы құрылыстар, қоршаулар мен басқа аула алдындағы үй құрылыстары, қызмет көрсетуші ғимараттар (қора, қоршау, құдық жəне басқа шаруашылық құрылыстары) бір түгендеу нысанын құрайды. Егер бұл құрылыстар мен үй құрылыстары бір не бірнеше ғимаратқа қызмет көрсетсе, олар дербес түгендеу объектісі болып есептеледі.
Дербес шаруашылық маңызы бар ғимаратқа сыртқы құрылыстар, жеке тұрған бу қазандықтарының ғимараттары, сондай-ақ күрделі аула алдындағы құрылыс (қоймалар, гараждар, тоңазытқыштар жəне басқа құрылыстар) дербес түгендеу нысандары болып табылады.
Нысандар альбомының НҚ-6, НҚ-9 нысанды түгендеу карточкала- ры активтерді есепке алу Нысандар альбомының НҚ-10 нысанды түгендеу карточкаларының тізілімінде тіркеледі. Тізілім бір данада жүргізіледі. Онда жа- зулар карточканы ашу жылын көрсете отырып активтер тобының бөлінісінде жүргізіледі. Əр топ үшін беттердің тиісті саны беріледі. Нөмірлеу əр топ бо- йынша 1-нөмірден бастап жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтериялар- да тізілімдер əрбір қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме бойынша осындай тəртіпте жүргізіледі. Активтер шығып қалған не ауысқан жағдайда тізілімнің
«Ескертпе» бағанында мемориалды ордердің мерзім (күні, айы, жылы) мен нөмірі көрсетіледі.
Түгендеу карточкалары бухгалтериялық қызмет картотекаларын-
да сақталады, онда олар материалдық жауапты тұлғалар бойынша, олар- ды іштей бөлу арқылы тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда – қосымша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме бойынша орналасады.
Нысандар альбомының НҚ-6 нысанды карточкасы ғимараттарды, құрылыстарды, тапсыру құралдарын, машина мен жабдықтарды, өндірістік (тиістілігін қоса алғанда) жəне шаруашылық мүкəммалын, көлік құралдарын, мəдени мұра активтерін, кітапхана қорларын жəне өзге негізгі құралдарды есеп- ке алуға арналған, онда жазулар алғашқы құжаттар: қолданысқа беру туралы қабылдау актілері, дайындаушы зауыттардың техникалық төлқұжаттары мен басқа құжаттардың негізінде жүргізіледі. Карточкада нысандардың (заттардың) сипаттама белгілері көрсетіледі: сызбасы, моделі, үлгісі, таңбасы, зауыттық нөмірі, шығарылған (дайындалған) мерзімі, қолданысқа енгізу актісінің күні мен нөмірі көрсетіледі. Бұдан басқа объектінің (заттың) қысқаша жеке сипа- ты жазылады. Жабдықтың, приборлардың, есептеу техникасының жəне басқа жабдықтың құрамында бағалы металдар болған жағдайларда «Нысанның қысқа жеке сипаты» бөлімінде құрамында бағалы металл бар бөлшектердің тізбесі, төлқұжатта көрсетілген бөлшек атауы мен металл салмағы көрсетіледі. Нысандар альбомының НҚ-6 нысанды негізгі құралдарды жəне инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алудың түгендеу карточкаларында теңгемен амортизацияның жылдық сомасы, жылдық тозу нормасының шифрі, тозу соңғы рет есептелетін жыл жəне ай, есепті жылдағы құнсызданудан шығындардың сомасы жазылады.
Нысандар альбомының НҚ-9 нысанды карточкасы бір үлгідегі негізгіқұралдар объектілерін жəне инвестициялық жылжымайтын мүлікті, кітапханалық қорларды жəне сахналық-қойылымдық құралдарды топтық есепке алуға арналған.
Кітапханалық қорлар үшін бір карточка ашылады. Онда есепке алу жал- пы сомамен ақшалай шамада ғана жүргізіледі. Сахналық-қойылымдық құралдар бойынша топтық есепке алу үшін карточкалар материалдық жауапты тұлғалар бойынша, мөлшері бойынша, материал сапасы бойынша жақын жəне номенклатуралық нөмірді көрсету арқылы бір атау тұрғысынан ашылады.
Мемлекеттік мекеме ішінде ауысқан кезде осы карточканың арғы бетінде жазба жүргізіледі.
Ай сайын карточкалардан амортизация сомасы Нысандар альбомының
459 нысанды Ұзақ мерзімді активтер амортизациясының сомасын есепке алудың əзірлеме кестесіне жазылады, оның негізінде есепті кезеңдегі негізгі құралдардың (активтердің) жалпы тозу сомасы анықталады. Жалпы тозу со- масына айдың соңғы күні мемориалды ордер жасалады, кейін ол «Басты-жур- нал» кітабына ауыстырылады. Негізгі құралдар нысандарын жөндеген, қайта жаңартқан (жаңғыртқан) жағдайда техникалық төлқұжатқа, сондай-ақ тиісті негізгі құралдың түгендеу карточкасына күрделі жөндеуге, қайта жаңартуға
(жаңғыртуға) байланысты объектінің сипаттамасына қажетті өзгерістер енгізілуі тиіс.
Негізгі құралдар нысандарының физикалық жəне моральді тозу салда- рынан, зілзала апаттар мен авариялар нəтижесінде, Қарулы Күштерде, басқа əскерлерде жəне Қазақстан Республикасының əскери құрамаларында пай- даланылмайтын қару-жарақ, əскери техника, қорғаныс нысандары мен өзге əскери мүлікті алып тастағанда жарамсыздығын, оларға жөндеу жүргізудің тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажет құжаттарды ресімдеу үшін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы- мен тұрақты əрекет ететін комиссия құрылады. Комиссия құрамына міндетті түрде мыналар: мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (комиссия төрағасы), бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы жоқ болған жағдайда, бухгалтерлік есепті жүргізу жүктелген тұлға) негізгі құралдардың сақталуына жауапкершілік артылған тұлғалар кіреді, негізгі құралдардың жеке түрлерін есептен шығарғанда комис- сия құрамына сондай-ақ тиісті мамандар (сарапшылар), жол полициясының өкілі (автокөлік құралдарын есептен шығарғанда) кіреді. Тұрақты əрекет ететін комиссия техникалық құжаттаманы (төлқұжат, əр қабат сайынғы жоспар- лар мен басқа құжаттар) тарта отырып, есептен шығаруға жататын объектіні тікелей тексеруді жүргізеді, сондай-ақ бухгалтерлік есептің деректерін қолданады жəне қалпына келтіруге жəне əрі қарай қолдануға жарамсыз екенін белгілейді. Комиссия есептен шығару себептерін (тозу, қайта жаңарту, апат жəне басқа есептен шығару себептері), есептен шығарылатын нысанның же- келеген материалдарын, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін анықтайды, оларды бағалуды жүргізеді жəне негізгі құралдар нысандарын есептен шығару актісін жасайды. Жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығару белгіленген нысандардағы актілермен ресімделеді: «Мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдарды есептен шығару актісі» (Нысандар альбомының НҚ-3 ныса- ны), «Автокөлік құралдарын есептен шығару актісі» (Нысандар альбомының НҚ-4 нысаны), «Баланстан өндірістік жəне шаруашылық құралдарды есептен шығару актісі» (Нысандар альбомының 443 нысан), «Мемлекеттік мекеме- лерде кітапханадан əдебиетті есептен шығару актісі» (Нысандар альбомының 444 нысаны). Негізгі құралдарды есептен шығару актісін мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді. Есептен шығару актісін бекіткенге дейін негізгі құралдар нысандарының жинауға жəне қайта жөндеуге рұқсат етілмейді. Мемлекеттік мекемелердің мүлігін есептен шығару мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Негізгі құралдардың жекелеген нысандарын жинаудан алынған жəне мемлекеттік мекеменің шаруашылық қажеттілігі үшін қалдырылған материал- дар қорларға қайта сыныпталады.
Бағалы металдарды қолдана отырып жасалған бөлшектер мен желілер мамандандырылған кəсіпорындарға тапсыруға жатады, ал түсті металлдар-дан жасалған жəне басқа жабдықты жөндеуге қолданылмайтын детальдар мен желілер осындай шикізатты жинау жүктелген ұйымдарға тапсыруға жа- тады. Бағалы металлдарды қолдана отырып, баланстан есептен шығарылған бөлшектер мен желілер белгіленген тəртіпке сəйкес ескеріледі.
Негізгі құралдарды баланстан есептен шығарудың қолданыстағы тəртібі бұзылған, сондай-ақ материалдық құндылықтарға салғырт қараған жағдайда (жою, жандыру, жоғалту), бұған кінəлі тұлғалар заңнамада белгіленген тəртіппен жауапкершілікке тартылады.
Негізгі құралдар нысандарын (автокөлік құралдарынан басқа) толық не- месе жартылай есептен шығаруды ресімдеу үшін негізгі құралдардың шығып қалуына (есептен шығарылуына) акті қолданылады. Акт екі данада жасала- ды, комиссия мүшелері қол қояды жəне ұйым басшысы немесе оған уəкілеттік берілген тұлға бекітеді. Актінің бірінші данасы бухгалтерлік қызметке негізгі құралдарды есептен шығару үшін тапсырылады, екіншісі – осы нысанның сақталуына жауапты тұлғада қалады əрі қоймаға тапсыруға жəне есептен шығару нəтижесінде қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынығын жəне есептен шығарғаннан кейін қалған басқа да қосалқы бөлшектерді іске асыруға негіз болып табылады.
Автокөлік құралдарын есептен шығару актісі автокөлік құралдарын есеп- тен шығаруды ресімдеу үшін қолданылады. Акт екі данада жасалады, комис- сия мүшелері қол қояды жəне жекекəсіпкер немесе ұйым басшысы немесе оған уəкілеттік берген тұлға бекітеді. Актінің бірінші данасы жол полиция- сы органдарында есептен шығарылғанын дəлелдейтін құжатпен бухгалтерлік қызметке тапсырылады, актінің екінші данасы автокөлік құралдарының сақталуына жауапты тұлғада қалады əрі қоймаға тапсыруға жəне есептен шығару нəтижесінде қалған қорлар мен металл сынығын іске асыруға негіз болып табылады.
Негізгі құралдардың шығып қалуы мен ауысуы бойынша операцияны есеп- ке алу Нысандар альбомының 438 нысанында (9-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Жинақтау ведомосіне жазбалар əр құжат бойынша жүргізіледі. Бұл ретте «Жиыны» бағанында шығып қалған жəне ауыстырылған материалдық құндылықтардың сомасы жазылады, ол қосалқы шоттар дебеті бойынша жазбалар сомасына тең болуы тиіс. Ай аяқталғаннан кейін қосалқы шоттар бойынша қорытындылар «Басты журнал» кітабында жазылады.
Жабдықты тексеру, монтаждау немесе сынау процесінде ақаулықтар анықталған кезде, жабдықтың анықталған ақаулары туралы акт қолданылады. Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындарды есепке алу мынадай іс- шаралар бөлінісінде жүргізіледі: алып жатқан алқабы мен əр іс-шара бойынша орындалған жұмыстардың құнын көрсете отырып жер учаскелерін жоспарлау,
егістік алқабын тазарту, тоғайларды тазалау.
Есепті кезең ішінде негізгі құралдардың (активтердің) тозуының жалпы со- масын есепте өзгерту түгендеу нысандары түскен (көнергендігі мен тозуы бо-
йынша жоюға байланысты есептен шығаруды қоса алғанда шығып қалу) кезде жүргізіледі.
Негізгі құралдардың жалға алынған нысандары оған жалға беруші берген түгендеу нөмірлерімен 01 «Жалға алынған активтер» балансталған шотында ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |