Мемлекеттік мекеменің қаржылық қызмет нəтижелері туралы есеп (1
«Бухгалтерлік баланс» нысанына 1-қосымша) ағымдағы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы ақпаратты жəне есепті жылдың қаржылық нəтижелерін білдіреді.
200 «Шығыстар – барлығы» жолы 110, 130, 140, 150-жолдардың сомасын көрсетеді.
«Мемлекеттік мекеменің шығыстары» жолы бойынша 111, 112, 113,
114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121-жолдардың сомасы көрсетіледі.
«Еңбекақы төлеу» (7010, 7030) жолы бойынша мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің еңбегіне ақы, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жəрдемақылар төлеу жəне басқа да төлемдер бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Стипендиялар» (7020) жолы бойынша есептелген стипендиялар бо- йынша шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Бюджетке салықтар мен төлемдер» (7040) жолы бойынша əлеуметтік салық жəне басқа бюджетке тиесілі төлемдер бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Қорлар» (7060) жолы бойынша есепті кезең ішінде мемлекеттік мекеменің мұқтажы үшін пайдаланылған жəне сырт ұйымдарға сатылған қорлардың құны көрсетіледі.
«Іссапарлық шығыстар» (7070) жолы бойынша мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің іссапарларына байланысты есептелген шығыстардың сома- сы көрсетіледі.
«Коммуналдық шығыстар» (7080) жолы бойынша коммуналдық қызметтер (газ, су, электр энергиясы, жылу) үшін есептелген шығыстардың со- масы көрсетіледі.
«Жал бойынша шығыстар» (7130) жолы бойынша операциялық жалдау бойынша есептелген шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Ұзақ мерзімді активтерді ұстау» (7090) жолы бойынша ұзақ мерзімді активтерді ағымдағы жөндеуге арналып есептелген шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Байланыс қызметтері» (7080) жолы бойынша байланыс қызметтері бойынша есептелген шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы жəне құнсыздануы» (7110, 7440) жолы бойынша негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің,
инвестициялық жылжымайтын мүлік пен биологиялық активтердің амор- тизациясы мен құнсыздануы бойынша есептелген шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Өзге операциялық шығыстар» (7050, 7120, 7140) жолы бойынша сақтандыру төлемдері бойынша, ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен кірістерді бюджетке беру, ақылы қызметтерден бюджетке сметадан тыс түсім- дер мен басқа операциялық шығыстар бойынша есептелген шығыстардың со- масы көрсетіледі.
«Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» жолы бойынша 131, 132, 133, 134-жолдардың сомасы көрсетіледі.
«Зейнетақылар мен жəрдемақылар» (7220) жолы бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы төленген зейнетақылар мен жəрдемақылар бойынша есептелген шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Субсидиялар» (7230) жолы бойынша жеке жəне заңды тұлғаларға төленген субсидиялар бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Трансферттер» (7210) жолы бойынша төленген трансферттер бойын- ша шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Өзгелер» (7240) жолы бойынша өзге бюджеттік төлемдер бойынша есептелген шығыстардың сомасы көрсетіледі.
«Активтерді басқару бойынша шығыстар» жолы бойынша 141, 142-жолдардың сомасы көрсетіледі.
«Сыйақылар» (7310) жолы бойынша алынған қарыздар мен қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар бойынша шығыстар көрсетіледі.
«Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар» (7320) жолы бойынша есептің бұдан алдыңғы жолдарында көрсетілмеген активтерді басқарудан өзге шығыстар сомасы көрсетіледі.
150 «Өзге шығыстар» (7440, 7450, 7460) жолы бойынша активтердің құнсыздануына арналған резервті, күмəнді борыштар бойынша резервті құру бойынша, демалыстарды төлеуге арналған шығыстар жəне басқа шығыстар көрсетіледі.
300 «Өзге қызметтерден қаржылық нəтиже» жолы бойынша 210, 220, 230-жолдардың сомасы көрсетіледі.
210 «Ұзақ мерзімді активтердің шығуы» (6320, 7420) жолы бойынша активтерді өтеусіз беруден немесе есептен шығарудан қаржылық нəтиже көрсетіледі.
220 «Бағамдық айырма» (6340, 7430) жолы бойынша есепте валюталардың əртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санының көрініс табуының нəтижесінде туындаған бағамдық айырма бойынша қаржылық нəтиже көрсетіледі.
230 «Өзгелер» (6310, 7410) жолы бойынша əділ құнды өзгертуден қаржылық нəтиже көрсетіледі.
400 «Есепті жылдың қаржылық нəтижесі» жолында 100 жəне 200-жолдар-
дың 300-жолмен айырмасының жалпы сомасы көрсетіледі [17.8-кесте].
17.8-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |