2.1.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған.
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борьшттың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық қарыздар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
"Алынуға тиісті шоттар" деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Жалпы "Алынуға тиісті шоттар" шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда болатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда "саудалық міндет-темелер" деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу (орындалу) көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығына бақылау шараларын жүргізулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе комианиялардың қаржылық жағдайларын білуге, сатып алушыға тауарды несиеге сатуға немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керекті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық қарыздар есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |