Басқадай несиелік операциялар есебі. Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес, төлем қаржысы есебінде, яғни пайдаланатын вексель түрінде береді. Несие алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен, тауарлармен жабдықтайтын, сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады. Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші банк мекемесімен несие алушы ұйымның арасындағы келісімшартта қарастырылып белгіленеді. Бұл айтылған вексельдер айналым мерзімі шегінде бір ұйымнан екінші ұйымға төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Олардың пайдалану мерзімі аяқталғанда вексельді ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне төлем ретінде табыс етеді. Ал осы вексель түрінде несие алған ұйым несиелік келісімшарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелетін пайыз сомасын аударады.
Әрбір кәсіпорын өз қалауы бойынша «Басқадай қарыздар» деп аталатын шотта «Басқадай қысқа мерзімді несиелер» деп аталатын аралық шоттарын ашуларына болады. Сонымен қатар бұл шоттарды алынған несиелердің басқадай түрлері де есептеледі. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде нақты несиеге алынған ақшаларына:
Д-т: 1010- «Ақшалар» шоты,
К-т: 1270 «Басқадай қарыздар» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Бұл алынған қаржы бойынша есептелген пайыз сомасына:
Д-т: 7310-«Сыйақы түріндегі шығын» шоты,
К-т: 1270«Басқадай қарыздар» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.