Өсіру агротехникасы. Бидай-бидайық буданын күздік бидайдан 10-15 күндей ерте себеді. Өйткені оның алғашқы өскін беріп дамуы баяу жүреді. Оны пішен немесе көк шөп дайындауға әр гектарға 190-210 кг мөлшерінде (6-7 млн. өнгіш тұқым), дән алу үшін оның себу мөлшерін 5-10% кемітеді.
Бұл өсімдікке алғы дақыл таңдау, танапты дайындау және себу тритикалені өсіру сияқты.
Оны көк балауса немесе пішен дайындау үшін түтіктеніп-масақтану кезеңінде орады. Үш рет орған кезде өнімінің үлесі былайша бөлінеді: 1-ші орғанда-60%; 2-ші орғанда-30% және 3-ші орғанда -10% өнімі жиналады.
Буданды тұқымға бөлектеп жинайды. Өйткені оның дәнінің пісуі біркелкі болмайды. Тура жинаған кезде оның сабағы көк күйінде болып дәннің ылғалдылығын жоғарылатады. Сол себептен жиналған тұқымды тез арада жақсылап кептіріп тазалау керек.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстанның аз таралған перспективалы дақылдары. – Көкшетау, 2013ж.
Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіру. – Көкшетау, 2017.
Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстан жағдайында жемшөп және тұқым ретінде шығыстық ешкі бұршақты егіп өсіру технологиясының ерекшеліктері: Ұсыныстар. – Көкшетау, 2010.
Бақылау сұрақтары Тритикаленің жемдік дақыл ретіндегі маңызын келтіріңіз?
Бидай-бидайық буданының жемдік дақыл ретіндегі ерекшелігін атаңыз?
Дәріс №9-10. Аз тараған көпжылдық мал азықтық шөптер: Біржылдық жима тарғақ, тамырсабақсыз бидайық (пырей бескорневищный), шалғындық бетеге, көпшабысты үйбидайық (райграс) Дәріс жоспары: Маңызы және таралуы. Жалпы сипаттамасы.