Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет8/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Тритикале (Тритикале, Trіtіcale). Немесе бидай-қара бидай буданы-астық тұқымдастарының жаңа түрі. Оның мал азықтық қасиеті бидайдан, қара бидайдан жоғары. Мысалы, тритикаледе белок мөлшері бидайдан 1,5% және қара бидайдан 4% жоғары. Аминқышқылдарына бай келеді. Мәдени жайылымдарда шөп қоспасында оны мал сүйсініп жейді. Пішен, пішендеме, шөп ұнын, түйіршіктерін өндіруге аса құнды өсімдік. Және де одан көктемде пайдаланатын сүрлем салуға болады. 100 кг көк балаусасында 22-25 а.ө. және 2,3-2,7 кг қорытылатын протеин бар. Көк балаусасында жеңіл қорытылатын көмірсутегілері, каротиноидтар, лизин және басқа да бағалы аминқышқылдары көптеп кездеседі. Құрамында қанттың мөлшері жеткілікті болғандықтан ол жеңіл сүрлемге салынады.
Тритикаленің дәнін және кебегін жоғары белокті құрама жем ретінде малға және құстарға береді. Дәнінің құрамында белок мөлшері 18-20%. Оның организмге сіңімділігі жоғары. Құрамында микроэлементтер (Mn, Fe, Cu) және аминқышқылдары көп кездеседі. Осы қасиеті үшін оны басқа құрама жемдерге қоспа ретінде малға, әсіресе шошқа семірткенде пайдаланады. Осылай пайдаланған кезде тритикаленің құрама жемі басқа дақылдардың (бидай, арпа) құрама жеммен бордақылағанған малдың ет қосуы 10-15% артады да 20% дейін жем үнемдейді.
Дәні қамырланып піскен кезде жиналған тритикаледен шөп гранулдарын, түйіршіктерін өндірген тиімді.
Бұл өсімдік Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында суармалы жерлерде өсіруге өте тиімді. Жоғарғы агротехникалық шараларды бұлжытпай орындаған кезде оның дәнінің өнімділігі әр гектардан 50-80 ц дейін жетеді. Солтүстік және орталық Қазақстанда жақсы өсіп жоғары өнім береді.
Мал азықтық сорттарының көк балаусасының өнімі әр гектардан 500-600 ц-ге дейін.
Ботанико-биологиялық ерекшеліктері. Тритикаленің тамыры жақсы дамыған. Өсімдігінің түптенуі жоғары. Сабағы тік өседі, көк азықтық сортының биіктігі 145-180 см және дәндік сорттарының биіктігі 110-120 см-дей болады. Сабағында балауызды өңез болады, ақшыл-сары, жапырылмайды. Жапырағы ланцетті, жұмсақ, бір түпте 45-50 мөлшерінде.
Гүлшоғыры-ірі масақ та, онда 25-28-ге дейін масақша орналасқан.
Масағы мұртты немесе мұртсыз болады. Дәні ұзынша келген, сырты бұжырлау, өздігінен шашылмайды. 1000 дәнінің массасы 28-45 г.
Тритикале қысқа және суыққа төзімді. Оның бұл ерекшеліктері күздік бидайдан жоғары. Жақсы ылғалданған танапта жоғары өнім береді. Және де бұл дақыл құрғақшылыққа да төзімді, өйткені ол көбіне өсіп-дамыған кезеңінде күзгі-қысқы түскен ылғалды жақсы пайдаланады.
Дәні пісіп-жетілген кезіндегі ылғал мөлшері бидай дәніне керекті көрсеткіштей.
Тритикале көпшілік топырақ түрлерінде өсіп жақсы өнім береді. Ең жақсы өнімі қара және қызғылт топырақты танаптар.
Өндірісте тритикаленің мына сорттары өсіріледі. Олар екі топқа бөлінген: 1) дәндік-Амфидиплоид 206, Амфидиплоид 201; 2) Көк азықтық- Одесский кормовой, Ставропольский 1, Житница 1, Амфидиплоид 1, Амфидиплоид 2, Амфидиплоид 257.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет