«Дефектология жјне логопедия негіздері»



бет43/101
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87910
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   101
Байланысты:
4da0ac04-b6ab-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД Дефектология и логопедия (1)
Лк тарих
Тұтығудың белгілері. Тұтығудың негізгі белгісі сөйлеу процесі кезінде тырысу болып табылады. Бұлшық еттерінің жиырылып тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалу байқалады.
Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілеспелі жалғас қимылдар байқалады. Ілеспелі жалғас қимылдар – сөйлеу кезінде бетте, мойында, денеде, аяқ – қолда пайда болатын дірілдеп тырысу құбылыстары. Ол қимылдар әртүрлі болып келеді: көз қысу, танауын желпілдету, басын төмен салбырату, шалқайту, саусақтарын қысу, аяқтарын соғу, денесін түрлі қозғалысқа келтіру. Ілеспелі қимылдар ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Тұтыққан адамда сөйлеуін жеңілдету үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.
Тұтығудың белгілерінің барлық баяндалған түрлері тұрақсыз, өзгере береді. Тұтығудың түрі де ауысып отырады: бірде дыбыстар мен буындар қайталана береді, бірде аяқ астынан тоқталып қалады.
Ілеспелі қимыл–қозғалыстар да тұрақсыз, бірі жоғалып кетеді де оның орнына жаңа түрі пайда болады.
Тұтығудың жағдайы үнемі ауысып отырады. Мысалы: бір бала бір уақытта қатты тұтығып немесе жақсы сөйлеуі мүмкін. Тұтығатын бала жалғыз өз ойыншықтармен ойнағанда, жақын адамдармен тұгықпай сөйлеседі. Ал басқа адамдар оған басқаша әсер етеді, яғни жақын адамдарымен сөйлескенде, ол өзін еркін сезінеді, сондықтан тұтығу аз болады. Бөтен адамдар арасында әңгімелесуде бала қорқуы мүмкін немесе ұялады, сөйтіп тұтығуы күшейеді.
Кейбір тұтығатын балаларда дене қимылдары (моторика) бұзылады. Б.И.Шостак тұтығатын балаларда жүріс – тұрысындағы ыңғайсыздық, епсіздікті, қозғалысындағы нашар үйлесімділікті байқаған.
Тұтығудың психологиялық белгілеріне балалардың өз кемістігіне назар аударуы жатады. Осыған байланысты тұтықпа балаларды үш топқа бөлуге болады: ақауын ескермейді, көңіл бөлмейді, ұстамдылықпен қарайды.
Тұтығу үш дәрежеде ажыратылады: жеңіл, орташа, ауыр түрі. Тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана тұтықса – ол жеңіл түрі. Тұтықпаның орташа дәрежесіне бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп аз тұтығады, бөтен адамдар арасында түтықпа күшейеді. Ауыр түріне бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи да ілеспелі қимыл-қозғалыстар байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет