Байланысты: 4da0ac04-b6ab-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД Дефектология и логопедия (1)
Тұтығудан айықтыру әдістері. Тұтығумен күресте комплексті әдістерді қолдану жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен практикада дәлелденіп отыр.
Тұтығуға комплексті әсер ету мынадай бағыттардан тұрады.
Медициналық әсер ету. Ол баланың нерв системасьның функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланың тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру.
Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойынша (8-9 ай), жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, ауыр, күрделі түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады.
Логопедиялық ритмика (ырғақ). Ол әр түрлі жаттығулар мен ырғактар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзің–өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады.
Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Бұл түзету-тәрбие жұмыстараның барлык кезеңдерінде жүзеге асырылады. Педагогтар, тәрбиешілер, ата-аналар баланы өзіне-өзінің сөйлеу кемістігін түсініп одан құтылу жолдарын ойлауға тәрбиелеу қажет. Сабақтардың әрбір кезеңдеріндегі қол жеткен жетістіктерді сезінуге қолдау жасап, түбінде толық болатыны, яғни тұтығудан біржола айығып, дұрыс сөйлей алатынына көз жеткізу керек.
Тұтығудан жазылу үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда өздері де осылай сөйлеуге дағдыланады. Баламен бірқалыпты қарым–қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін мадақтап отыру қажет. Сол сияқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу мен шынығудьң тәртібін сақтау маңызды роль атқарады.