«Дефектология жјне логопедия негіздері»



бет64/101
Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#87910
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101
Байланысты:
4da0ac04-b6ab-11e6-94b1-35220bd1f96aУМКД Дефектология и логопедия (1)

Лекцияның барысы:
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мектеп жасына дейінгі мекемелерде істейтін тәрбиешілер жалпы білім беру міндетінен басқа сезіммен байланысты (сенсорлық), долылық (аффективный) қайсарлығындағы, ой - өрісіндегі, сөйлеу тілі мүкістігіне байланысты кемшіліктерді түзетуге бағытталған бірсыпыра жұмыстарды орындайды. Ол өзінің назарын ақыл – оймен жалпы дамуында ауытқуы бар балалардың кемшіліктерін түзетуге және қоршаған орта туралы түсініктерін байытуға ғана бағытталмайды, сонымен бірге анализаторлардың қызметтерінің сақталуын және одан әрі дамуын жетілдіруге бөледі. Осымен баланың компенсаторлық мүмкіншіліктерін, қолайлы дамуына негіз жасалады да нәтижесінде сөйлеу тілін тиімді меңгеруіне ықпалын тигізеді.
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған бала – бақшадағы тәрбиешіге сөйлеу тілінің мүкістігі бар баланың мінез – құлқына және жеке басын жан – жақты қалыптастыруға барлық мүмкіншілікті береді. Сөйлеу тілі толық дамымаған баланың компенсациясына оның әлеуметтік адаптациясына және келешекте мектепке оқуға дайындауына көпшілік бала – бақшаға арналған бағдарламадағы құжаттардың кейбір түрлерін меңгеруді қажет екенін ескертеді. Ондай құжаттардың түрлеріне қолөнер еңбегі, ойындар, бейнелеу өнер және басқалар жатады.
Бала осы құжаттардың түрлеріндегі әрекеттердің барысын қалай меңгеретініне қарап тәрбиеші оның түйсігінің дамуына, жадында сақтау барысына, мотивациясына, қисынды ойлаудың жеңіл түріне ерекше көңіл аудару керек. Баланың ынтасының дамуының ерекше маңызы бар, сонымен баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктің ықпалымен, айналасындағыларымен қатынасының азаюынан, үйде дұрыс тәрбиеленбеуінен және басқа да себептермен болатын белсенділігінің қалыптасуындағы ерекшелігіне көңіл аудару керек.
Тәрбиешінің міндетіне сонымен бірге балалардың алдында кішіпейілділік ізгі ниетпен қарау, жеке басының мүмкіншілігіне сенімін нығайту, оқуға қызығуын, ынтасын қалыптастыру, сөйлеу тілінің кемшілігіне байланысты қайғырып – ренжуден айықтыру кіреді. Көрсетілген міндеттерді баланың жас ерекшелігіне және жеке – дара психофизиологиялық ерекшелігін жақсы білу негізінде жүзеге асыруы мүмкін.
Тәрбиеші баланың мінезінде байқалатын ешқандай негізсіз көзге оғаш көрінетін әр түрлі қылықтарын айыра біліп, долданып ашуланғыш, агрессивтілік немесе керісінше шаршағыштық, енжарлық белгілерін дәл уақытында байқау керек. Көп жағдайда тәрбиешінің дұрыс ұйымдастырған психолого – педагогикалық ықпалы баланың мінезіндегі қасарысқан ұнамсыз қылығының пайда болуын алдын ала сақтандыруды және топтағы қауымдастық, әлеуметтік қатынасын қалыптастырады.
Сөйлеу тілі кемшілігін түзету жұмысы логопедтің алдына қойған мақсатына байланысты әр түрлі бағытта іске асырылады.
Көп жағдайда бұндай жұмыс логопедия сабағына дейін сөйлеу тілін жете қалыптастыру үшін дәлелдеулердің қажеттілігі негізінде қамтамасыз етіледі. Басқа жағдайларда тәрбиеші логопедия сабағында қол жеткен нәтижені баянды етуге баса назар аударады. Тәрбиешінің міндетіне сонымен бірге баланың сөйлеу тілі қызметін түзету барысының әр кезеңінде жағдайын күн сайын бақылап отыру кіреді.
Ана тілін меңгеру барысында логопедия сабақтарында сөйлеу тілін дағдыландыруын толық жетілдіру баланың танымдық қабілетінің дамуымен, ой-өрісінің дамуымен тығыз байланысты. Бұған баланың белсенді әрекеттері ойындар, жас ерекшелігіне байланысты еңбек, денешынықтыру, эстетикалық, ой еңбегі, өнегелі тәрбие әр түрлі өз әсерін тигізеді.
Арнайы бала – бақшадағы баланы тәрбиелеу үшін оған құрдастарының ортасында болатын ойындармен және әр түрлі сабақ түрлерін пайдалану қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет