«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет55/113
Дата07.09.2020
өлшемі1,23 Mb.
#77603
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113
Байланысты:
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Біріншіден, бұзылыстардың барлық түріне ортақ қасиет қабылдау қабілетінің төмендеуі, ақпаратты сақтау және оны қайта өңдеу. Бұл ерекшеліктер ұзақ уақыт бойы байқалуы мүмкін немесе әлде онтогенездің белгілі бір кезеңінде көрінуі мүмкін.

Екіншіден, қиындықтың біріккен жаңа түрі. Ақыл-ойы кеміс балалар есте сақтауда үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Бұндай балаларда тікелей және жанама есте сақтау арақатынасы өзгермелі болып келеді.

Үшіншіден, түсіну процесінің жай түрде қалыптасуы. Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы кеміс балалар геометриялық фигураларды формаларына, түстеріне қарап топтастыра алмайды. Бұндай балалар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне қарай суреттерді сәйкестендіре алады: киімді шкафтың қасына қою, көбелекті гүлмен біріктіру.

Ақыл-ойы кеміс балалардың жалпы сөйлеуінде ретардация (осы кезеңдегі психикалық функция қалыптасуының аяқталмай қалуы) байқалады. Атақты логопед Р.Е.Левина жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балаларға сипаттама бере отырып, автономды сөйлеудің ұзақ сақталған патологиясын байқаған. Психикасы қалыпты балалардың автономды сөйлеуі, яғни үлкендер қолданбайтын сөздерді балалардың қолдануы өмірінің екінші жылының белгілі айларында болады, әдетте үлкендер баладан сөздің анық айтуын талап етеді және соған сәйкес үлгілер беріп отырады.Бұл фонематикалық есту мен артикуляцияның қалыптасуына жол ашады.

5 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет