«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет5/6
Дата18.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11739
1   2   3   4   5   6

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

«Ассоциация» стратегиясы: «Ассоциация» стратегиясын әдетте студенттер жаңа ұғымды меңгеру кезінде қолданады. Бұл арқылы олар осы ұғым бойынша бұрыннан білетін түсініктерін топ болып ортаға салады. Әрбір топта 4-5 студенттен артық болмағаны дұрыс. Содан кейін әрбір студент жеке не топ болып «Түртіп алу», «3-4 айналым» тағы да басқа әрбір пәнге және мәтінге тиімді стратегияларды пайдалана отырып, жазып келген материалдарын талдау жасайды. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған тиімді. Мысалы:



Түртіп алу:«Түртіп алу» страгиясы бойынша әрбір студент мәтінге «+» - жаңалық, «v» келісемін, «-» - келіспеймін, басқаша ойлаймын, «?» - түсінбедім деген белгілер қою арқылы әрбір сөйлемге немесе ойға талдау жасайды. Төменде көрсетілген кестені мәтінді оқи отырып толтырады. Бұл жерде студенттер белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын аяқтаған соң бірі-біріне өзара кеңес бере алады, өз ойларын айтуға үйренеді. Игерілген білімдерін қолдана отырып, студенттер жаңағы ұғымға қайта оралып оны толықтырады. «Түртіп алу» стратегиясын қолданғанда әсіресе ұяң мінезді студенттердің пікірлерін тыңдап, оны бағалап отырған дұрыс.



«+» жаңалық

«v» келісемін

«-» келіспеймін, басқаша ойлаймын

«?» түсінбедім

























Кубизм стратегиясы:Бұл стратегия кубиктің 6 жағына байланысты және соған орай берілетін тақырып немесе тапсырмаларға байланысты. Студенттер әдетте алты топқа бөліне отырып, белгілі бір тақырып не оқу материалын жан-жақты талдайды. Яғни, әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша белгіленген уақыт ішінде өз жұмыстарын жан-жақты, мәнді, терең ашып, талдап көрсетуі тиіс. Дайындыққа және өз жұмыстарын қорғауға уақыт белгіленеді. Мысалы, 1-топ «салыстырыңыз», 2-топ «суреттеңіз», 3-топ «талдаңыз», 4-топ «ұсыныс жасаңыз», 5-топ «дәлелдеңіз», 6-топ «ассоциация жасаңыз» деген тапсырмалар алады. Кейде әрбір топқа бөлек тақырыптар да берілуі мүмкін.



РАФТ стратегиясы: «РАФТ» (роль, аудитория, форма, тақырып) стратегиясы бойынша студенттер оқылған мәтінге байланысты топтарға бөліне отырып, түрлі рольдерді орындау арқылы хабарламалар жасайды. Мысалы, президент (роль) болып, белгілі бір тақырып бойынша халыққа (аудиторияға) үндеу (форма) жолдауы мүмкін, немесе радиодан, теледидардан сөйлеу т.б. Тақырыпты оқытушы әдетте сабақ тақырыбына байланысты беереді. Оқытушы студенттердің өз «қойылымдарында» тақырыптан ауытқымай, оқу материалын толық ашып, көрсетуін қадағалау керек.

Р - Роль


А - Аудитория

Ф - Форма

Т - Тақырып

ББҮ стратегиясы: «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерінен қысқартылып алынған. Студент бұл стратегияны да көптеген жағдайларда еркін қолдана алады. Мысалы, сабақ басталған кезде студент сол ұғым немесе тақырып бойынша не білетіндігін, білгісі және үйренгісі келетіндігін өз кестесіне түсіреді. Бұл кестені тақтаға сызып, оған топтың ойларын да жазып қоюға болады. Сабақа соңында сол материалды игере отырып, кестені толтыруға тырысады. Немесе студент оқу жылының басында белгілі пән бойынша осы кестені толтыра отырып, өз білімінің толығуын бақылап отыра алады. Оқытушы да бұл кестені жағдайға қарай өзгертіп қолдануына болады.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




















Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

Еркін жазу: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.

Топтастыру стратегиясы:

Бұл әдісті жаңа тақырыпты өтерде немесе өткен тақырыпты қайталау кезінде қолдануға болады. Студенттер бұл жұмысты топ болып орындайды. Жаңа материалды өткен кезде қолданған жағдайда сабақ соңына қарай бұл жұмыс толықтырылады.

Әдіспен жұмыс: Әдіспен жұмыс бірнеше жұмыс жүйесінен тұрады:

1. Әдісті топта қолданып зерттеу жүргізу, зерттелініп отырған құбылыс жөнінде психологиялық ақпарат алу.

2. Әдісті интерпретациялау. Алынған ақпарат сандақ және сапалық өңделеді. Ақпараттың өңделуі әр әдістің ерекшелігіне қарай жүргізіледі.

3. Псиологиялық диагноз жасалады, яғни алынған мәліміт жазбаша түрбе беріледі.


1 ОЖСӨЖ мазмұны:

Дефектология түсінігі

Түзету педагогикасы

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін талдау.

Әдістемелік нұсқау: Аквариум стратегиясы.
2 ӨЖСӨЖ мазмұны:

Дефектологияның әдістері

Дефектологияның принциптері

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «РАФТ» стратегиясы.
3 ОЖСӨЖ мазмұны:

Л.С Выготскийдің өмірі мен еңбегі

Л.С Выготскийдің дефектологияның құрылуына және оның дамуына қосқан үлесі.

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Мозайка» стратегиясы.
4 ОЖСӨЖ мазмұны:

М.С.Певзнер: Олигофренияның формалары

Түзету жұмыстарының негізгі кезеңдеріжәне оның бағыттары

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Ассоциация» стратегиясы.
5 ОЖСӨЖ мазмұны:

В.В.Лебединский: Психикалық дамудың бұзылу типтерінің параметрлері

Психикалық дамуы баяу балаларды түзету- тәрбиелеу жұмысы

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін айқындау.

Әдістемелік нұсқау: «ББҮ» стратегиясы.
6 ОЖСӨЖ мазмұны:

Естудің бұзылу себептері

Естудің бұзылуын диагностикалау

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «Аквариум».
7 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тифлопедагогика тарихына шолу

Көру ақаулықтары бар балаларды оқыту әдістері

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «Еркін жазу».
8 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалардыоқыту және дамыту ерекшеліктері

ДЦП кезінде кезінде қимыл-қозғалыстың, психиканың бұзылуы

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Пікірталас» стратегиясы.
9 ОЖСӨЖ мазмұны:


  1. Логопедияның принциптері

  2. Логопедиялық әдістердің қолданылуы

  3. Логопедиядағы көрнекілік әдістері

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін айқындау.

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі.
10 ОЖСӨЖ мазмұны:

Жалпы тіл кемістігі бар балаларға психологиялық даму ерекшеліктері

Жалпы тіл кемістігі бар балаларды оқыту жұмысы

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін айқындау.

Әдістемелік нұсқау: «Пікір талас жүргізу» әдісі.

11 ОЖСӨЖ мазмұны:

Балаларда жазбаша сөйлеудің дамуы

Жазбаша сөйлеуі бұзылған балаларға арналған тапсырмалар жүйесі

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Кубизм» стратегиясы.
12ОЖСӨЖ мазмұны:

Күрделі бұзылыстағы балалар тобын психологиялық- педагогикалық тұрғыдан зерттеу

Күрделі ақаулық құрылымы бар балаларға көмек ету жолдары

Күрделі ақаулығы бар балаларды арнайы оқыту әдістері



Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін нақтылау.

Әдістемелік нұсқау: «Ассоциация» стратегиясы.
13 ОЖСӨЖ мазмұны:

Ақаулығы бар тұлғаларға медициналық тұрғыдан көмек ету

Мүмкіндіктері шектелген тұлғаларды қолдауда басшылыққа алынатын міндеттер

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «Мозайка стратегиясы»
14 ОЖСӨЖ

Медициналық-педагогикалық-психологиялық комиссия құрамы

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын зерттеу әдістері.

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін бекіту.

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі.
15ОЖСӨЖ

Ақаулығы бар балаларға арналған мекемелерді ұйымдастыру талаптары

Ерте педагогикалық көмек принципіне жалпы сипаттама

Мақсаты:Тақырып жөнінде білімдерін қорытындылау.

Әдістемелік нұсқау: «Конференция»

8. Типтік, есеп, графикалық жұмыс, лабораториялық жұмыс, курстық, проектілік (жұмыс орындалуы) бойынша әдістемелік нұсқаулар қарастырылмаған.

9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Дефектология негізі» курсы бойынша картотека құрастыру.

ОЖСӨЖ қортындыларын конспектілеп отыру.



Практикалық сұрақтар мен ОЖСӨЖ тақырыптары бойынша әдебиет және басқа да ақпарат құралдарымен жұмыстану. .
«Дефектология негізі» пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Ақаулық

Аномалия

anomalos

Айыра алмау

Агграмматизм

agrommatosm

Алексия

Алексия

lexis

Алалия

Алалия

lalew

Анартрия

Анартрия

аnarthros

Дизартрия

Дизартрия

disarthron

Логопедия

Логопедия

logosрaideo

Араластыру

Контаминация

сontamination

Тұтығу

Заикание

disfluns

дыбысты бейнелеу

Эхолалия

есһоlalia

Бейімделу

Адаптация

Adaptation

Оқшаулану

Изоляция

dementia

Тест

тест

test

Проективті әдіс

проективный метод

projection metod

Индивид

Индивид

individual

Мойындамау

Отрицания

personality

Зерттеу әдістері

Методы исследования

methods of the study

Анкета әдісі

Анкетирование

questionnaire

Бақылау

Наблюдение

observation

Эксперимент

Эксперимент

experiment

Психологиялық емдеу

психотерапия

zygote

Инстинкт

инстинкт

instinct

Жұмыс альянсы

Рабочий альянс

Cohort effects

Жүйкелік қозу

психоз

stroke

Зерттеу әдістері

Методы исследования

methods of the study

Анкета әдісі

Анкетирование

questionnaire

Лонгитюдті әдіс

лонгитюдный метод

longitude metod


Реферат тақырыптары:

1.Дефектологияның қазіргі мәселелері.

2.Қазақстандағы дефектология ғылымының дамуы.

3.Дефектологиядағы Л.С.Выготскийдің ролі.

4.Ақыл-ойы баяу дамыған балалар.

5.Психикалық дамуы баяу балалар.

6.Естуі бұзылған балаларды түзету-тәрбиелеу жұмысы.

7.Сурдопедагогиканың міндеттері мен қазіргі жетістіктері.

8.Аутизм балалар.

9.Тифлопедагогиканың міндеттері мен қазіргі жетістіктері.

10.Ақаулығы бар балалар туралы түсінік.

11.Арнайы оқыту жүйесінің қазіргі жағдайы.

12.Арнайы мекемелердің коррекциялық бағыттылығы.

13.Оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс.

14.Логопедияның міндеттері мен жетістіктері.

15.Күрделі ақаулығы бар балаларды түзету-тәрбиелеу жұмысы.

16.Қазақстандағы ақаулығы бар балалармен жұмыс.

17.Арнайы мекемелердегі оқыту жұмысының мазмұны.

18.Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу.

19.Мінез-құлқы бұзылған балаларды түзету.

20.Сөйлеу тілі бұзылған балалармен түзету-тәрбиелеу жұмысының мазмұны.

21.Көруі бұзылған балалар.

22.Аутизм балаларды түзету мәселелері.

23.Қазақстандағы ақаулығы бар балаларды тәрбиелеу мәселелері.

24.Тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балалар.

25.Күрделі ақаулығы бар балалар.


10. Оқу өндірістік, дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттары қарастырылмаған.
11. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Бағаны қою саясаты: 1 кредит




Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Жұмыс үшін балл

Орын

даған жұмыс саны

1

Дәріске белсенді қатысу

100

15

3

СОӨЖ сабағына белсенді қатысу

100

15

4

СӨЖ тапсырмаларын орындау

100

15

5

Рубеждік бақылау

100

2

6

Емтихан

100

1




Қорытынды

100

8

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті.

Сабаққа кешікпеу.

Сабақ үстінде сөйлеспеу.

Сабаққа дұрыс, тиісілі киініп келу.

Сабақтан себепсіз қалмау, ауруына байланысты қалған уақытта анықтама көрсету.

Қалдырған сабақтарын оқытушының белгілеген уақыттарында тапсыру.

Тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Сабақтан қалмау.

Оқу үрдісіе белсенді араласу.

Үй тапсырмаларын толық мұқият орындау.

Курстастарымен және оқытушылармен ашық, қайырымды, төзімді қарым-қатынас орнату.

Барлық сабақтарда кері байланыс орнатуы.

Ұялшақ студенттерді ұжымдық жұмыстарға , пікірталастарға тарту.

Пунктуальдылық және жауапкершіліктің болуы.

Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеу.

Сағыз шайнамау т.б.



Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс соңында студенттер педагогика ғылымының даму тарихы, жүйесі, басқа ғылымдармен байланысы, методологиялық негіздерін, педагогикалық процесстің мәнін, заңдылықтарын, кезеңдерін, ҚР “Білім туралы” және т.б. заңдарын, тұлға дамуының факторларын, оның дамуының жас және жеке ерекшеліктерін, тәрбие заңдылықтарын, принциптерін, тәрбиенің отандық және шетелдік үлгілерін, тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, ұжымдық тәрбие негіздерін, тәрбие түрлерін, отбасы тәрбиесінің негіздерін меңгеріп шығуы тиіс.



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет