21 сұрақ.Сабақта ынтымақтастық,қарым- қатынасын тудыру
Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Ол сабақтың кіріспе бөлімі яғни,»ынтымақтастық атмосферасын құру» кезеңінен басталады Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Баланы ынталандыру үшін түрлі мотивациялық бейнероликтер мен ситуациялық суреттер қолдануға болады. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.Сонымен қатар,оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.
Сабақта ынтымақтастық атмоферасын құру:
Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға тапқырлыққа, шыдамдылыққа дағдыланады
Оқушы сыныптастарымен қарым – қатынасын түзету мүмкіндігі туындайды.
Ең бастысы сыныпта жағымды эмоциялық атмосфера орнайды. Және оқушылардың барлығы сабақ барысында белсенді болады.
Сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында мен өз тәжірибемде мынадай әдістерді қолданып жүрмін:
Суреттердің 6 айырмашылығын табыңыз:
Бұл тапсырманы орындау барысында бала сыни ойлайды және көңіл-күйі көтеріледі. Суреттер тақырыпқа қатысты таңдалса тіпті тиімді болады.
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында түрлі комикстер немесе көңілді суреттерді көрсетуге болады
Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.Сондықтанда баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет екендігін тағы да негізге ала отырып психологиялық — ынталандырушылық тесттерді көптеп алудың маңызы зор.
Мінезің қандай?
Оқушыларға фигураларды таңдата отырып,мінездеме беру.
«9 алмаз» тапсырмасы сабақ тақырыбына сәйкесінше түрлендіруге болады (ретімен орналастырып көріңіз) :
Танымдық даму — ол баланың оқу және проблемаларды шеше алу қабілеті дәлірек айтқанда оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ, зейін, сөз сөйлеу дағлылары, ойлау, шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |