деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Мектеп оқулығы- білім беру бағдарламаларын камтамасыз ету құралы



бет44/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру
Сауалнама зорлық-зомбылық, 87486, Презентация1, 7d, Õèìèÿëû? ðåàêöèÿëàðäû? ýíåðãåòèêàñû ìåí áà?ûòû 1í?ñ?à, Документ (12), педагог сөж5, инкл. сем4, инкл. сем5, «О айдан иын а» ережесі ай принципке жатады т сініктілік, ана тили 5, ана тили 6, 0b22368cc348d811c7d8f39a13dcc23bde08227fb0da628ae9bdc2b6c6fa52b9 (1)
73 Мектеп оқулығы- білім беру бағдарламаларын камтамасыз ету құралы
Оқулық- маңызды білім көзі және оқу құралы. Мектеп оқулығының сипаттамасы оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне сәйкес ғылым негіздерін ашуға қойылатын маңызды талаптарды қамтиды. Оқулық сабақ құрылымының негізі ретінде танылады.
Мектеп оқулықтары мынадай қызмет атқарады:

• ақпараттық (білім беру мазмұныны ашады, оқушылардың жасын ескеріп, әр сабақтағы материалдың көлемін белгілейді),


• жүйелеушілік (мазмұнды баяндаудың бірізділігін қамтамасыз етеді және жүйелейді),
• оқытушылық (білімді меңгертіп, бекітуді жеңілдетеді),
• тәрбиелік (тарихты оқытудың тәрбиелік мақсаттарын іске асыруға ықпал жасайды)
Оқулық құрауыштары: құрылымы әр түрлі. Оқулықтың әрбір тарауы қисындық конспект сияқты жоспар-схемамен басталуы мүмкін. Оқулық мазмұныныда ұғымдар, терминдер, тірек сөздер ерекшеленеді және түсіндіріледі. Негізгі мәтінде құжаттардан үзінді, анықтамалық аппарат үлгісі мен күрделілік деңгейімен ерекшеленетін сұрақтар мен тапсырмалар қамтылады. Оқулық параграфтардың көлемі біртекті, мазмұны тұжырымдалған, тұтас сипатта болады және олардың саны пәннің оқу жоспарына сай келуі тиіс.
Оқулықтың мазмұны негізгі (теориялық және деректік материал) толықтырушы (анықтамалық), түсіндіруші (үлгі, түсініктеме) болып бөлінеді. Негізгі мәтіннің өзегін маңызды идеялар мен ұғымдар, әрекет тәсілдері мен теориясы туралы ақпараттар құрайды.
Оқулықпен алғашқы танысу оны мазмұндап, оқушылардың нені үйренетіндігі, оқулықтың хронологиялық шеңбері туралы ұғымдарды түсіндірумен басталады. Алғашқы сабақтарда оқушыларға бастауыш сыныптан белгілі түсіндіре оқу тәсілін қолданған тиімді. Оқулық бойынша тапсырма біртіндеп күрделене түседі. Оқулық оқушыларға үй тапсырмасын тексеру кезінде қажет. Мұғалымнің бірінші кезектегі міндеті- оқушыларды оқулықтардың түсініксіз жерлерін, белгісіз терминдерді таба білуге үйрету.
Жаңа материалды түсіндіруде оқулықтың көмегі мол. Оқулықпен жұмыста мазмұнды және нақты жауап беруге арнайы тапсырмаларды орындау көмектеседі. Ол тапсырмалар: оқу мәтінінен сұраққа жауап тауып, оны дауыстап оқу, өз сөздерімен баяндау, бірнеше сұраққа жауап беру үшін материал таңдау және т.б. болып келеді. Оқулық оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Оқушылардың қорытынды жасауға үйреткенде оқулықтың көмегіне сүйенеді. Және де әлдебір пайымдауларды дәлелдеу үшін де оқулық мазмұнымен мәтініне сүйенеді.
Оқулықпен жұмыс істеуде оқушылар дағдысы мыналар.
• мәтін үзіндісінің ең бастысын бөліп алу,
• оқулық мазмұныны пайдалану,
• әңгімелеудің жай жоспарын құрастыру
• мәтінді мазмұндап беру,
• дереккөздерін қолдану
• ұғымдар мен терминдерді пайдалану, оның мазмұныны білу,
• дереккөздерін салыстыру
• қосымша әдебиеттер арқылы білімді толықтыру оны дамыту және тереңдету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет