деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Компьютер- оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі техникалық құралы



бет51/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

83. Компьютер- оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі техникалық құралы
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән. Білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ «Онлайн тәсіліне оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсеткендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Кәсіптік оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- білімгерлердің оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқу программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Кәсіптік оқыту саласында компьютер білімгер үшін оқу құралы. Жаңа заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби біліктілікті жұмысшы мамандарды даярлауда кәсіптік оқытуды жетілдірудің, оның материалдық- техникалық базасын толық жаңартып отыру қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп отырылуы қажет. Осыған байланысты мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациалық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылда дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.
Мен қазіргі ақпаратты – технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың жоғарыда айтылып өткендей ұтымды жолдарын ескере отырып , интерактивті технологияны оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі тиімді қолдану керек. Бастауыш сынып оқушылары көбіне ойын болып келген, суреттер арқылы берілген мәліметтерді тез қабылдайды. Ал теледидардан, яғни экраннан көрген мәліметтерді жас бүлдіршіндер одан да жақсы қабылдайды. Бұл жерде бір айта кететіні, экраннан көріп қабылдаған мәліметтерді жас бүлдіршіндер қабылдауға жалықпайды , қайта оларда не бір талпыныс , қызығушылық пайда болады. Сондықтан да оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі аса қажетті , ұлағатты ұстаз бен зейінді оқушының арасындағы қарым – қатынасты, өзара түсіністікті , сыйластықты , тіпті тәртіпті де жетілдіруге , нығайтуға , дамытуға , орнатуға және бастауыш сыныптың оқушыларының сабақты меңгерудегі мәнін жақсартуда интерактивті технологияның орны ерекше болмақ.
Интерактивті оқыту – көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір математикалық есепті шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді , білімін басқалардың білгенімен толықтырады , жаңа тәсілдерді меңгереді , өзінің қабілетін анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларының арасындағы бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу процесі бір мезгілде бірнеше міндетті шеше алады: танымдық , коммуникативтік , дамытушылық , интеллектуалдық , сонымен бірге ең бастысы білімді әлеуметтендіру , демократиялау , гумандандыру. Бұл қазір құзырлылық деп аталып жүрген жаңа басымдылықтар. Екінші жағынан егер біз интерактивті технологияны қолдансақ , мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мысалы , дербес компьютер мен интерактивті тақтаның мүмкіндіктері – мұғалімге көмекші , оқыту, әрі көрнекі құрал ретінде сабақта жұмыс нәтижелерін кесте немесе сызба түрінде дисплей экранына , қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. Сондықтан да интерактивті технология , яғни оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі қолданылатын интерактивті амалдар жиынтығы ( интерактивті тақта, электронды оқулық және т.б.) оқу процесін жеңілдетіп және сапасы мен жылдамдылығын арттырады. Сонымен қатар жас бүлдіршіндерді сыйластыққа, өзара түсіністікке тәрбиелеп қана қоймай , жоғары сыныптарға көшкенде қажет болатын информатика пәні туралы да хабардар етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет