деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


С.Н.Лысенкованың авторлық педагогикасының технологиясы (тірек схемаларын пайдалана отырып оза оқыту)



бет27/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

48. С.Н.Лысенкованың авторлық педагогикасының технологиясы (тірек схемаларын пайдалана отырып оза оқыту).
Мақсаты:
Білім, білік, дағдыны меңгерту, қалыптастыру;
Мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
Оқушылардың барлығын табысты оқыту.
Ерекшелігі:
педагогикалық ынтымақтастық;
тұлғалық қарым-қатынас;
оқу материалының мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;
материалдардың сабақтастығы;
саралау,әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
білетін оқушы арқылы , білмейтін оқушыны оқыту;
түсінбегенді қайта түсіндіру.
табыс – баланы оқыту арқылы дамытудың басты шарты;
сыныптағы қалыпты жағдай (түсіністік, өзара көмек);
қателікті ескерту, оқушыны жазғырмау;
бірте-бірте толық дербестікке жету;
Әдістемелік ерекшелігі:
Болашақ білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала енгізу;
жаңа ұғым, түсінікті нақтылау, қолдану;
оқу әрекеті мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту;
үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек әркімнің өзіндік жұмыс орындау үшін тиімділігіне қарай беріледі;
ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;
ата-аналардың өзара әрекет жасауы;
оқу жылдарының аралық байланысы;
мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі;
Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін оза оқыту әдісін қолданады:
қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды;
сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;
1-сыныпта үйге тапсырма берілмейді;
үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай () әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана беріледі;
ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді;
баланы жинақылыққа баулу.
49. Р.Штайнердің Вальдороф педагогикасы.
1919 жылы Германияда Рудольф Штайнердің жетекшілігімен жұмыс істейтін балалар мектебі ашылды. Штайнер философиясының негізі, вальдорф педагогикасының базалық аксиомасы – баланы интеллектуалды ынталандыруды толықтай теріске шығару. Басты қағидалары: Вальдорф педагогтарының пікірінше, баланың дамуына басты себепкер – анасымен қарым-қатынасы. Физикалық, эмоциялық, рухани тұрғыда да анасымен тығыз байланыста болуы. Ол омырау сүтінен, бала күтімінен, қолға көтеруден, мейірімнен, ойнаудан – барлығынан көрініс табады. Штайнер бала жасқа толғанша алған әсері емес, тыныштығы мен қорғалуы маңызды екенін алға тартады. Өз денесімен танысу, жақындарына бауыр басу, еңбектеу – міне қазір балаға керегі осы ғана. Нәресте әр жетістікке жеткен сайын оған көмек керек. Бірақ әңгіме мұндай ынталандыруда емес. Барлығының өз уақыты бар. Ата-ана баласын толықтай махаббатына бөлеп, оған үлгі болуымен көмектесе алады.
Штайнер әдіснамасының өзгелерден өзшегелігі есеп-қисап, жазу-сызумен әлі мектепке бармаған баланың басын ауыртпайды. Вальдорф педагогтары үшін баланың интеллектісінде шығармашылыққа қабілетті болуы маңыздырақ. Сол себепті бала мектепке барғанға дейін толықтай ойынға қануы тиіс, тек осылай ғана түйсігі мен қиялы жақсы дамиды. Балалар бормен, бояумен сурет салады, балшық пен балауыздан мүсіндер құрастырады, оларға ешқандай тапсырма берілмейді, барлығы өз қалауынша, табиғатта көбірек уақыт өткізеді. Сәбилерге ешқандай «сабақ» жоқ, олар немен айналысатынын тек өздері таңдайды. Бұл әдіс сізге сәйкес келе ме?
• Балаңызды қарапайым, дәстүрлі мектепте оқытуды мақсат тұтсаңыз, бұл әдіс сіз үшін емес. Вальфдор әдістемесіне ерте үйренген балалар мектеп пәндері мен тәртібіне тез үйрене алмайды. Оның үстіне қазіргі мектептердегі қабылдау емтиханына берілетін сұрақтардан баланың хабары жоқ.
• Штайнердің жетілдіру қағидасы өз қолымен бірдеңе жасауға құлқы жоқ, уақыты да аз ата-аналарға сай келмейді. Вальдорф педгогикасының басты шартының бірі – әртүрлі заттар мен ойыншықтарды қолдан құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет