деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


-сұрақ. Оқытудың дәстүрлі (репродуктивті) технологиясы



бет23/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

41-сұрақ. Оқытудың дәстүрлі (репродуктивті) технологиясы.
Аталған технология оқушыға білім, білік, дағдыны беруге негізделген. Мұнда оқушыға білім мазмұнын, беру арқылы бақылау және бағалау репродуктивті деңгейдегі сапада беріледі.
Бұл технология ертеден қалыптасқан, қазіргі кезде барлық мектептерде кең тараған, оның негізгі мәні төмендегідей болып келеді.
Жаңаны оқыту, үйрету – бекіту – бақылау – бағалау үрдісі болып табылады.
Технологияның түп негізі білімдендіру парадигмасына құрылған, оқушыға өмірдегі іс-әрекетін жүзеге асыру көлемінде ғана білім беруге негізделген.
Оның негізгі оқыту әдісі:
- көрнекіліктер арқылы түсіндіру
- оқушының басты іс-әрекеті тыңдау және тоқып алу
- оқыту кезінде еш қателік жібермеу сияқты негізгі талаптар қойылады.
Оқушының білім алу нәтижесіне тоқталатын болсақ:
көркемдік (иллюстративті)- түсіндірмелі
шеңберлі (рецепті)- ақпаратты
өмірлік білік пен дағдыны қалыптастырмаған
мұғалі м тапсырма беруші
оқушы тек жақсы орындаушы болып қалыптасады.
Дәстүрлі дидактиканың қарстыруы бойынша оқу мазмұны, әдісі, ұйымдастыру формасы тағы басқаларды дұрыс мақсат қою нәтижесінде білім беру, дамытуға болады деп көреді.
Дәстүрлі оқыту технологиясының мақсаты:
Білім жүйесін, ғылым негіздерін қалыптастыру
Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру
Әр оқушының жан-жақтылығын қалыптастыру
Алдын-ала белгіленген қасиеттерге тәрбилеу.
Дәстүрлі оқыту технологиясы әдістемесінің ерекшелігі:
Орташа оқушыға бейімделуі.
Оқыту процедураларының өктемділігі.
Тексерудің жалпыға бірдейлігі.
Оқушы позициясы:
Оқушы оқыту процедураларының бағынышты объектісі. Оқу үрдісінде оқушының өзіндік сипатының ескерілмеуі.
Мұғалім позициясы:
Мұғалімнің білмеуге, қателесуге қақысының болмауы.
Түсіндіруші
Көрсетуші
Бағалаушы
Түзетуші


42-сұрақ. Дамыта оқыту технологиясы.
Бұл технология – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым – қатынас сипатында, танып – білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.бДамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым – қатынаста,мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және тәжірибе, т.б) поэзитивті өзгерістер енеді Даму дегеніміз – материалдық және идеялық объективтілердің қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынаста ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрадыДамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім–сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес.Дегенмен,әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылау үйренеді Осындай негізде құрылған іс - әрекеттер бір – бірімен тығыз байланысты: «Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу мақстақа жету үрдісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару». Сонымен, жалпылап айтқандап, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
• оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
• оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
• оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
• оқу материалын игеруде және іс - әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;
• белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;
• көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
• оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті – зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
• оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
• оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді (стандартқа сейкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
• дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
• жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау жәнеп т.б. дамыту жаттығулары ).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
• мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалімдер мен оқушылардың күш – жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы (өзара сыйласу, түсіну, әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы );
• оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс - әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдайымен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
• оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті бірітінділеушіліктің болуы (оқыту жылдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру стандарттарына сәйкес, т.б. ) ;
• оқу материалы бөлек – бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану,әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және т.б. ) ;
• оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігінп тудырып, қабілеттерінің жан – жақты дамуына ынталандыруы көздеген әр түрлі әдіс – тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог – сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б. ) ;

• оқушылар әжептеуір уақыт аралығында мысалы, (бір, не бірнеше жыл) белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша (бір, не бірнеше сабаққа) қызыметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;


• балалардың эмоционалды – сезімділік және абстрактілігі, логикалық ой құрастырылуын дамытуға ықпал етілуі;
• үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
• оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
• оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалауы; • оқушыларидың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет