Геологиялық құырылымы мен құрамы
Cu3(PO4)2
Қаратау фосфориттері кембрий кезеңінде теңіз түбінде тұнған Шолақтау свитасы құрамына кіреді. Бұл свитаның фосфорлы шөгінділері төменнен жоғары қарай стратиграфиялық кезекпен қабаттасады:
доломиттер - ұсақ түйірлі доломиттен құралған доломиттер қабатының қалыңдығы 6 – 8 м.;
кремнийлі қабаттың қалыңдығы 15 – 25 м, құрамында 70 – 90% кремний минералдары бар;
кентасты қабаттар - кентасты қабат бірнеше фосфорит, фосфорлы-кремнийлі және фосфорлы-әктасты-кремнийлі қабаттардан тұрады, оның жалпы қалыңдығы 60 м, ал фосфориттердің жиынтық қалыңдығы 30 – 35 м.
Қаратау фосфорит алабы фосфориттері фосфорит түйірлері мен оолиттерден құралған. Түйірлердің ірілігі 0,07 – 0,3 мм. Ірілігі 0,05 – 0,4 мм оолиттер түйісе қабықтанған. Фосфат, негізінен, фторапатиттен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |