Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет31/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

Қоры мен аймақтық топтары


Қоры мен сапасы жағынан Қаратау фосфориттері дүние жүзінде алдыңғы қатардан орын алады. Мұндағы фосфор ангидридінің (Р2О5) мөлшері 3 27-37%-ды құрайды. 1960-1980 жылдары Қаратау алабына мемлекеттік үлкен маңыз беріліп, оны арнайы барлау үшін Жаңатас геологиялық-барлау экспедициясы ұйымдастырылған. Фосфоритті горизонт ашылған жолақтың ішінде 49 жеке кен орны анықталған.
Барлық кен орындар аймақтық жіктелім бойынша 5 топқа бөлінеді:

  • бірінші топтың кен орындарына ірі Шолақтау фосфорит кені орнынан басқа бірқатар шағын: Тамды, Арбатас, Сүлейменсай, Насынқұл, Шолақтау-ІІ, Қотырбұлақ, Жетімшоқы-І және ІІ кен орындары кіреді. Тамды, Арбатас, Қотырбұлақ, Жетімшоқы І және ІІ кен орындарының өндірістік мәні төмен;

  • екінші топтың кен орындарын ірі Ақсай фосфорит кен орны, Түйесай фосфорит кен орны және қоры шағын: Көктал, Тесіктас, Шилібұлақ, Қыршабақты кен орындары құрайды;

  • үшінші топ өндірістік мәні төмен бірқатар ұсақ (Жетімтал, Бүркітті, Ақтас, Қарашат, т.б.) кен орындарын қамтиды. Олар Ақсай және Көксу кен орындарының аралығында орналасқан;

  • төртінші топ бірнеше өндірістік және ұсақ кен орындарын біріктіреді. Олар Ақжар, Үшбас, Жартас, Арқалысай, Көксу, т.б.;

  • бесінші топқа өндірістік Көкжон фосфорит кен орны,

Жаңатас, Гиммельфарб кендері және бірқатар ұсақ кен орындары кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет