13. IBM компаниясының зерттеу орталығындағы жаңа полимерлер класы. IBM компаниясының зерттеу орталығында өнеркісіптік деңгейде жаңа полимерлердің класы жасалды. Олардың мәлімдеуі бойынша жаңадан жасалған полимер (10-шы суретте) механикалық әсерлерге берік, өздігінен қалпына келіп, екінші рет қайта өңделе алады. Полимерді пайдалану тасымалдау индустриясының, аэрокосмостық өнеркәсіпті және микроэлектроника өндірісіндегі үрдістерді тиімді жасауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл материалдар жаңа полимерлік құрылымдарды түзіп, қайтадан 50 %-ға тиімді және берік материал береді.
Полимерлер біздің күнделікті өміріміздің және де есептеу техникасының басты бөлігіне айналып кеткен. Сондықтан да, олар барлық өнеркәсіптердің және өндірістердің даму бағытына әсерін тигізеді. Қазіргі уақыттағы полимерлік материалдардың бірнеше кемшіліктері бар. Сондықтан да, ғалымдар аянбай еңбек етуде. Себебі, технологиясы жетілмеген ел басқаларға тәуелді болады.
Зерттеушілердің қазіргі бағыты қолданылатын салалардың тапсырыстарына қарай қажетті қасиеттерді алдын-ала полимердің құрылымына бағдарлап қою. Олар есептеу техникасының және арнайы химиялық бағдарламалардың көмегімен жаңа материалдың гипотетикалық моделін жасады. Нәтижесінде зерттеушілер екі түрлі полимерлерді – карбон қышқылдарының және 4,4-оксидианилиннің конденсациялануы арқылы, біріктіріп жаңа полимерді алған.
Материал 250 ⁰C дейін қыздырғанда коваленттік байланыстардың түзілуінен және еріткіштің ығыстырылып шығуы салдарынан мықты затқа айналады. Осылайша полимердің 1-ші нұсқасы түзіледі.Материал жаңа физикалық қасиеттерді көрсетеді. Шытынауға берік, жеңіл, берік, алайда шыны тәрізді сынады. Егер оны көміртектік наноталшықтармен қосып, қыздыратын болса, онда ол өте мықты, жеп-жеңіл композиттік, сырт суреттемесі бойынша металға ұқсас, сызат пайда болғанда өздігінен қалпына келе алатын материал түзеді.
Материалдың келесі нұсқасы созылғыш гельге ұқсайды (11-ші суретте). Ол төмен температурада түзіледі және өзінің құрамына еріткішті тартып алады. Гель-полимердің өздігінен жазылу қасиеті бірінші нұсқаға қарағанда жоғарылау. Егер гель-полимерді пышақпен бөліп, қайтадан жақындататын болса, онда екі бөлік тез арада қайтадан жабысып, орнына келеді. Яғни, бұл полимерді желім ретінде қолдануға болады.