Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді



бет69/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:
1) бастамалы
2) қолданбалы
3) өндірулер


15. Қазақ мұнай ғылыми зерттеу геологиялық барлау институты.


Қазақ мұнай ғылыми - зерттеу геологиялық барлау институты - Қазақстан Республикасы геологиялық қызметінің жүйесіндегі мұнай мен газ жөнінен мамандырылұан бірден-бір салалық ғылыми-зерттеу мекемесі. Атырау қаласында орналасқан. Институт 1946ж. академик Қ.Сәтбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстанның батысындағы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Орал - Ембі ғылыми - зерттеу базасынан өсіп шықты. 1956ж.
Мұнай институты болып қайта ұйымдасты, 1960ж. геология және геофизика институтына айналды, 1972ж-дан осы атауымен белгілі. Институт зерттеулерінің негізгі бағыттары: Батыс Қазақстанның мұнай және газ кен орындарының геологиялық құрылысын зерттеу және орналасу заңдылықтарын анықтау; мұнай - газ қорларына болжамдық және өндірістік баға беру және мұнай мен газға жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының бағыттарын анықтау; мұнай ұңғымаларынан сынама алу мен сынақтан өткізудің әдістерін жетілдіру және бұрғылау технологиясын және бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін жақсарту; түрлі мақсаттағы тәжірибелік - әдістемелік жұмыстарды жүргізу; терең ұңғымаларды бұрғылаудың жобалық - сметалық құжаттарын жасау; сыртқы экономикалық байланысты жүзеге асыру, өз зерттеулерінің нәтижелерін сыртқа шығару және шетелдік фирмалармен бірлескен зерттеулер жүргізу. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет