Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Қалдықтарды ыдыратуға арналған жаңа қондырғы



бет72/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

18 Қалдықтарды ыдыратуға арналған жаңа қондырғы


Israel21c хабарламасы бойынша осы елдің EST компаниясы зиянды химиялық өндірістің қалдықтарын толық жойып жіберетін қондырғыны ойлап тапқан. Бұл компанияны 2007 жылы кәсіпкер Иехуда Саймон құрған болатын. Қондырғы сұйық және газ тәрізді зиянды қалдықтарды ыдыратып, су, көмір қышқыл газын және екінші рет қайта өңдеуге болатын матералдар түзеді. Бұл жерде ең маңыздысы – бұл үрдіс осы қалдықтар түзілетін химиялық өнеркәсіптің өзінде толық жүре алады. Бұл зиянды заттарды ары-бері тасымалдаудың қажеттілігі жоқ. Бір жағынан бұл қауіпті де.
EST жасаған, химиялық қалдықтарды жою жүйесі плазмалық технологияға негізделген. Үрдіс 2000-4500 градуста (Цельсия бойынша) жүреді. Мұндай температурада қыздырғанда химиялық қосылыстардың молекулярлық байланыстары үзіледі. Соңынан қоспаны тез салқындатып, тазалайды. Бұл жағдайда Саймонның айтуынша қалдықтардың 99,99 % жойылады.
Өнертабыс қазірдің өзінде халықаралық патентпен қорғалып, өнеркәсіптерде қолдануға дайын. Қондырғы тәуліге 24 сағат жұмыс істейді – яғни, үрдіс тоқтамайды. Химиялық қалдықтар – бұл үлкен мәселе. Және одан ешқайда кете алмайсыз. Тек қана Израильдің өзінде жылына 100-120 тонна улы қалдықтар өндіріледі. Ал басқа елдерде жағдай өте ушығып тұр. Осы уақытқа дейін бұл мәселені тек ары-бері тасымалдап, ол бір жерлерде өзінен-өзі жоғалып кететіндей үміт күткендей болады.
Алайда, бұл жай ғана алдау. Ал химиялық қалдықтардың мөлшеріне қойылатын нормативтер жыл сайын қатал болуда. Саймон өзінің өнертабысын химиялық өнеркәсіптер үшін хайтек ретінде санайды және оның келешегі үлкен деп санайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет